Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округі Жұрын ауылының кейбір көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 8 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 6 мамырда № 8292 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабына, Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастикалық комиссиясының 2021 жылғы 26 наурыздағы № 1 қорытындысы негізінде және Жұрын ауылы халқының пікірін ескере отырып, Жұрын ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жұрын ауылдық округі Жұрын ауылының келесідей көшелері қайта аталсын:

      "Мир" көшесі - "Наурызбек Дүзбаев" көшесіне;

      "Клуб" тұйық көшесі - "Диірмен" көшесіне.

      2. "Мұғалжар ауданының Жұрын ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Мұғалжар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Жұрын ауылдық округінің әкімі Р. Үргенішбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады