Темір аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2021 жылғы 27 тамыздағы № 84 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 3 қыркүйекте № 24220 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Темір аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Мәслихаттың келесі шешімдерінің:

      1) Темір аудандық мәслихатының "Темір ауданы бойынша сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 178 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5791 болып тіркелген);

      2) Темір аудандық мәслихатының "Аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 178 "Темір ауданы бойынша сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2019 жылғы 17 қазандағы № 391 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6427 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Темір аудандық
мәслихатының хатшысы
Б. Шаимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады