Ақтөбе облысы Ойыл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 05 сәуірдегі № 77 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 188 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 27 желтоқсанда № 26116 болып тіркелді

      ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтөбе облысы Ойыл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 05 сәуірдегі № 77 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4888 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы";

      көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.";

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы Ойыл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ойыл ауданының әкімі А. Казыбаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
Ойыл аудандық мәслихаты

  Ойыл ауданы әкімідігінің 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 188 қаулысына қосымша
  Ойыл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 05 сәуірдегі № 77 қаулысына қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

Әлеуметтік қамсыздандыру саласы бойынша

Халықты жұмыспен қамту орталығының аудандық маңызы бар ММ және МҚК басшысы

Аудандық маңызы бар Жұмыспен қамту орталығының сектор басшысы

ММ және МҚК біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты маманы: әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балалар мен 18 жастан асқан мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер

ММ және МҚК біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маманы: әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балалар мен 18 жастан асқан мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистент

ММ және МҚК біліктілігі орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты маманы: халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балалар мен 18 жастан асқан мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер

ММ және МКҚ біліктілігі орташа деңгейдегі санаты жоқ маманы: халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балалар мен 18 жастан асқан мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистент

Техникалық орындаушылар: халықты жұмыспен қамту орталығының ассистенті

Мәдениет саласы бойынша

Аудандық маңызы бар ММ және МҚК басшысы (директоры)

Ауылдық маңызы бар ММ және МҚК басшысы (директоры)

Аудандық маңызы бар ММ және МҚК көркемдік жетекшісі

Аудандық маңызы бар ММ және МҚК әдістемелік кабинет, кітапхана меңгерушісі (басшысы)

ММ және МҚК біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы мамандар: аккомпаниатор, библиограф, кітапханашы, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), ұжым (үйірме) басшысы, музыкалық жетекші, режиссер, барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер)

ММ және МҚК біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ мамандар: аккомпаниатор, библиограф, кітапханашы, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), ұжым (үйірме) басшысы, музыкалық жетекші, музыкалық әрлеуші, редактор (негізгі қызметтер), режиссер, хореограф, барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер)

ММ және МҚК біліктілігі орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы мамандар: аккомпаниатор, библиограф, кітапханашы, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), ұжым (үйірме) басшысы, музыкалық жетекші, режиссер, барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер)

ММ және МҚК біліктілігі орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандар: аккомпаниатор, библиограф, кітапханашы, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), ұжым (үйірме) басшысы, музыкалық жетекші, музыкалық әрлеуші, редактор (негізгі қызметтер), режиссер, хореограф, барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер)

      Ескертпе: Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ММ – мемлекеттік мекеме

      МҚК – мемлекеттік қазыналық кәсіпорын

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады