Көксу ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Жаңа

Алматы облысы Көксу ауданды әкімдігінің 2021 жылғы 17 қыркүйектегі № 321 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылы 24 қыркүйекте № 24492 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы, 1-тармағының 4-2) тармақшасына, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8, 12-баптарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №11148 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Көксу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Көксу ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын және бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Көксу ауданы әкімінің орынбасары Досымбеков Ұлан Әлдибекұлына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім А. Әділ

  Қаулысына қосымша 2021 жылғы 17 қыркүйектегі № 321

Көксу ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Нақты орналасқан жері

Алып жатқан алаңы, шаршы метр

Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)

Қызмет саласы

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі, жыл

1

2

3

4

5

6

1

Балпық би ауылы, Қабанбай батыр көшесінің бойы, "Дастан" дүкеніне қарама-қарсы

120,0

"Жетісу" дүкені

Бөлшек сауда (ауыл шаруашылық өнімдерін сату)

3

2

Балпық би ауылы, Измайлова көшесінің бойы (оң жағы), "Көксу орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының ғимаратына қарама-қарсы

180,0

"Әсем" дүкені

Бөлшек сауда (ауыл шаруашылық өнімдерін сату)

3

3

Балпық би ауылы, Измайлова көшесінің бойы (сол жағы), "Көксу ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы

85,0

"Әсем" дүкені

Бөлшек сауда (концеляр тауарларын сату)

3

4

Балпық би ауылы, Амангелді көшесінің бойы, "Коксуский сахарный завод" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ғимаратына қарама-қарсы

1190,0

"Нұржан" дүкені

Бөлшек сауда (ауыл шаруашылық өнімдерін сату)

3

5

Балпық би ауылы, Қабанбай батыр көшесінің бойы, "Krasoty" сұлулық салонына қарама-қарсы

18,0

"Шаған" сауда үйі

Бөлшек сауда (ауыл шаруашылық өнімдерін сату)

3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады