Тараз қаласының көшелеріне атау беру және қайта атау туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2021 жылғы 16 наурыздағы № 61 бірлескен қаулысы және Жамбыл облыстық мәслихатының 2021 жылғы 16 наурыздағы № 3-5 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 29 наурызда № 4925 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 4 желтоқсандағы қорытындысы негізінде Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облысының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы нормативтік құқықтық актінің 1 қосымшасына сәйкес Тараз қаласының атауы жоқ көшелеріне атау берілсін.

      2. Осы нормативтік құқықтық актінің 2 қосымшасына сәйкес Тараз қаласының көшелері қайта аталсын.

      3. Осы нормативтік құқықтық актінің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экономика, бюджет, салық және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына және облыс әкімінің орынбасары Е.Жылқыбаевқа жүктелсін.

      4. Осы нормативтік құқықтық акт әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл облысы әкімінің м.а. Е. Жилкибаев
      Жамбыл облыстық маслихатының
      сессия төрағасы Е. Саурыков
      Жамбыл облыстық
      мәслихатының хатшысы М. Сарыбеков

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2021 жылғы 16 наурыздағы
№ 61 қаулысы және Жамбыл
облыстық мәслихатының
2021 жылғы 16 наурыздағы
№ 3-5 шешіміне 1 қосымша

Тараз қаласының атау берілген көшелерінің тізімі

      "Арай" алқабы бойынша:

      № 1 - көше - Қасым Қайсенов көшесі.

      № 2 - көше - Хиуаз Доспанова көшесі.

      № 3 - көше - Рақымжан Қошқарбаев көшесі.

      № 4 - көше - Роза Бағланова көшесі.

      № 5 - көше - Шара Жиенқұлова көшесі.

      "Қайнар" алқабы бойынша:

      № 1- көше - Қожа Ахмет Иассауи көшесі.

      № 2 - көше - Алпамыс батыр көшесі.

      № 3 - көше - Сауран көшесі.

      № 4 - көше - Баянауыл көшесі.

      № 5 - көше - Жайық көшесі.

      № 6 - көше - Арлан көшесі.

      № 7 - көше - Байқоныс көшесі.

      № 8 - көше - Ақдала көшесі.

      "Шаңырақ" шағын ауданы бойынша:

      № 1 - көше - Нұрғиса Тілендиев көшесі.

      № 2 - көше - Сұлтанмахмұт Торайғыров көшесі.

      № 3 - көше - Бердібек Соқпақбаев көшесі.

      № 4 - көше - Әміре Қашаубаев көшесі.

      № 5 - көше - Фариза Оңғарсынова көшесі.

      № 6 - көше - Ырысты көшесі.

      № 7 - көше - Желмая көшесі.

      № 8 - көше - Әзірбайжан Мәмбетов көшесі.

      № 9 - көше - Оралхан Бөкей көшесі.

      № 10 - көше - Мұхамеджан Сералин көшесі.

      № 11 - көше - Темірбек Жүргенов көшесі.

      № 12 - көше - Латиф Хамиди көшесі.

      № 13 - көше - Шәкен Айманов көшесі.

      № 14 - көше - Әлкей Марғұлан көшесі.

      № 17 - көше - Шұрайлы көшесі.

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2021 жылғы 16 наурыздағы
№ 61 қаулысы және Жамбыл
облыстық мәслихатының
2021 жылғы 16 наурыздағы
№ 3-5 шешіміне 2 қосымша

Тараз қаласының қайта аталған көшелерінің тізімі

      № 2 округ бойынша:

      Қаратауская көшесі - Ермек Серкебаев көшесі.

      "Бурыл" алқабы бойынша:

      Қазиев көшесі - Қадыр Мырза Әлі көшесі.

      Қасымбеков көшесі - Тұманбай Молдағалиев көшесі.

      № 4 округ бойынша:

      Краснознаменский көшесі - Наурызбай батыр көшесі.

      № 7 округ бойынша:

      Михаил Калинин көшесі - Байкент көшесі.

      № 9 округ бойынша:

      7 ноябрь көшесі - Ақсай көшесі.

      № 10 округ бойынша:

      Кутузов көшесі және Кутузов көшесінің 1, 2, 3, 4 - бұрылыстары - Райымбек батыр көшесі және Райымбек батыр көшесінің 1, 2, 3, 4 - бұрылыстары.

      Декабристер көшесі - Қағанат көшесі.

      Жамбыл көшесі және Жамбыл көшесінің 1, 2, 3, 4, 5, 6-бұрылыстары - Абылай хан көшесі және Абылай хан көшесінің 1, 2, 3, 4, 5, 6 - бұрылыстары.

      "Орман" саяжай алқабы бойынша:

      Алмалы көшесі - Аяулы көшесі.

      "Құмшағал" шағын ауданы бойынша:

      Бауыржан Момышұлы көшесі - Бейбарыс сұлтан көшесі.

      Ахмет Байтұрсынов көшесі - Ақсарай көшесі.

      Амангелді Иманов көшесі - Ақжар көшесі.

      Тұрар Рысқұлов көшесі - Хантау көшесі.

      Исатай Тайманов көшесі - Қансонар көшесі.

      Жамбыл Жабаев көшесі - Назқоңыр көшесі.

      Абай Құнанбаев көшесі - Ақсу-Жабағылы көшесі.

      Кенен Әзірбаев көшесі - Сұлусай көшесі.

      Махамбет Өтемісов көшесі - Серпер көшесі.

      Балуан Шолақ көшесі - Тұмарлы көшесі.

      Мұхтар Әуезов көшесі - Ақтоған көшесі.

      Міржақып Дулатов көшесі - Байқоңыр көшесі.

      Қайрат Рысқұлбеков көшесі - Үшқоңыр көшесі.

      Желтоқсан көшесі - Бурабай көшесі.

      Сәкен Сейфуллин көшесі және Сәкен Сейфуллин көшесінің бұрылысы - Ордабасы көшесі және Ордабасы көшесінің бұрылысы.

      "Қызыл-Абад" шағын ауданы бойынша:

      Абай Құнанбаев көшесі - Сығанақ көшесі.

      Төле би көшесі - Қарқаралы көшесі.

      Әйтеке би көшесі - Қазығұрт көшесі.

      Қазыбек би көшесі - Сәйгүлік көшесі.

      Бауыржан Момышұлы көшесі - Байғазы көшесі.

      Жамбыл Жабаев көшесі және Жамбыл Жабаев көшесінің 1, 2 - бұрылыстары - Ханжайлау көшесі және Ханжайлау көшесінің 1, 2 - бұрылыстары.

      Қайрат Рысқұлбеков көшесі - Оқжетпес көшесі.

      Ыбырай Алтынсарин көшесі - Телқоңыр көшесі.

      Школьная көшесі - Аякөз көшесі.

      "Көлтоған" шағын ауданы бойынша:

      Первомайская көшесі - Сарайшық көшесі.

      Новая көшесі - Шамшырақ көшесі.

      Орловская көшесі - Ақжібек көшесі.

      Қаратау көшесі - Ақшоқы көшесі.

      "Шөлдала" шағын ауданы бойынша:

      Тұрар Рысқұлов көшесі - Сұлутөр көшесі.

      70 лет Октября көшесі - Сарыөзек көшесі.

      Набережная көшесі - Қарабұлақ көшесі.

      Молодежная көшесі - Қызылжар көшесі.

      Заводская көшесі - Нәуірзек көшесі.

      Дачная көшесі - Қоғалы көшесі.

      Новая көшесі - Сапаркент көшесі.

      "Жиделі" шағын ауданы бойынша:

      Қазақ көшесі - Білге қаған көшесі.

      "Химик" тұтынушы кооперативі бойынша:

      Железнодорожный көшесі - Ақбаян көшесі.

      Цветочная көшесі - Таң самалы көшесі.

      "Жамбылстрой" тұтынушы кооперативі бойынша:

      Клубничный көшесі - Ақдидар көшесі.

      "Металлист" тұтынушы кооперативі бойынша:

      Клубничный көшесі - Алтынкөл көшесі.

      "Юбилейная" тұтынушы кооперативі бойынша:

      Клубничный көшесі - Жанартау көшесі.

      Цветочная көшесі - Толқын көшесі.

      "Ветеран" тұтынушы кооперативі бойынша:

      Центральная көшесін - Аманжол көшесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады