Басым дақылдар тiзбесі және субсидия нормаларын, сондай-ақ, өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы әкімдігінің 2021 жылғы 17 қарашадағы № 254 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 23 қарашада № 25340 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 2023 жылғы 10 қазандағы № 192 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 10.10.2023 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 тіркелген) сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Басым дақылдар тізбесі мен нормалары осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Өсімдік шаруашылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджеттік қаражат көлемі осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 26 қазандағы № 244 "Басым дақылдар тiзбесі және субсидия нормаларын, сондай-ақ, өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4781 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      4. "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жамбыл облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл облысының әкімі Б. Сапарбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2021 жылғы 17 қарашадағы
№ 254 қаулысына 1 қосымша

Басым дақылдар тізбесі мен субсидиялар нормалары

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Жамбыл облысы әкімдігінің 28.06.2022 № 136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың атауы

1 тоннаға арналған субсидия нормасы, теңге

1

Қант қызылшасы

15 000,0

2

Дәндік жүгері

10 000,0

3

Майлы дақылдар:
Мақсары
Күнбағыс
Қытай бұршағы

10 000,0

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2021 жылғы 17 қарашадағы
№ 254 қаулысына 2 қосымша

Өсімдік шаруашылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджеттік қаражат көлемі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Жамбыл облысы әкімдігінің 28.06.2022 № 136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Облыс атауы

Бюджеттік қаражат көлемі, теңге

1

Жамбыл облысы

2 079 801 000,0


Барлығы

2 079 801 000,0

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады