Бұқар жырау ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды анықтау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 20 сәуірдегі № 24/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 23 сәуірде № 6319 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 27 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Бұқар жырау ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыруға арнайы бөлінген орындар анықталсын.

      2. Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 03 мамырдағы №13/13 "Бұқар жырау ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды анықтау туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3792 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2016 жылдың 17 маусымында, 2016 жылғы 16 маусымда "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 18 маусымда № 24 (1162) "Бұқар жырау жаршысы" аудандық газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Арман Шалиевич Дардаковқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндеттерін атқарушы С. Сатаев

  Бұқар жырау
ауданының әкімдігі
2021 жылғы 20
сәуірдегі
№ 24/01
қаулысына қосымша

Бұқар жырау ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыруға арнайы бөлінген орындар

Елді мекеннің атауы

Орналасқан жері

1

Ботақара кенті

"Бек" дөңгелек жөндеу орнына қарама-қарсы, Березюкова көшесі бойындағы №1 орын; "Акжол" кафесінің жанындағы, Қарағанды-Керней трассасының бойындағы №2 орын

2

Ғ.Мұстафин кенті

Мира көшесі 19 бойындағы, Мәдениет үйінің жанындағы алаң

3

Қушоқы кенті

Разрезовская көшесі 38 бойындағы алаң

4

Ақбел ауылы

Юбилейный көшесі 16 бойындағы алаң

5

Ақтөбе ауылы

Алаш көшесі 15 бойындағы алаң

6

Ақөре ауылы

Целинная көшесі 13 бойындағы алаң

7

Баймырза ауылы

Тәуелсіздік көшесі 2, Мәдениет үйіне қарама-қарсы алаң

8

Ботақара ауылы

Тәттімбет көшесі 13 бойындағы алаң

9

Белағаш ауылы

Школьная көшесі 8/2 бойындағы алаң

10

Қызылқайың ауылы

Центральная көшесі 1А бойындағы алаң

11

Бұқар жырау ауылы

Әшім Жапаров көшесі 33 бойындағы алаң

12

Гагаринское ауылы

Гагарин көшесі 9"А" үй, ауыл клубының жанындағы алаң

13

Доскей ауылы

Доскей көшесі 32, "Юбилейный" орталық дүкеніне қарама-қарсы алаң

14

Керней ауылы

Алаш көшесі 9 бойындағы алаң

15

Көкпекті ауылы

Шақар Көшкімбаев көшесіндегі Дәрігерлік Амбулаториясының және "Қазпошта" акционерлік қоғамының жанындағы және Заречная көшесіндегі "Фуд Вилладж" Ауылшаруашылық Өндірістік Кооперативінің жанындағы алаң

16

Қаражар ауылы

Достык көшесі 40 бойындағы алаң

17

Қарақұдық ауылы

Айділда Қыздарбеков көшесі 20 бойындағы ауылдық клубтың ғимаратының алдындағы алаң

18

Жанаталап ауылы

Амангелді көшесі 13 бойындағы "Кенже" дүкенінің алдындағы алаң

19

Жаңаөзен ауылы

Володарский көшесі 33 бойындағы, "Азия" дүкеніне қарама-қарсы алаң

20

Петровка ауылы

Нұркен Әбдіров көшесінде орналасқан "Қазпошта" акционерлік қоғамы ғимаратының жанындағы алаң

21

Ростовка ауылы

Центральная көшесі 38 бойындағы алаң

22

Самарқанд ауылы

Ленинская көшесі 33А бойындағы аялдаманың жанындағы алаң

23

Суықсу ауылы

Октябрьский тұйық көшесі 9 бойындағы алаң

24

Тоғызқұдық ауылы

Орталық көшесі 7 бойындағы алаң

25

Тұзды ауылы

Гагарин көшесі 1 бойындағы алаң

26

Үміткер ауылы

Бейбітшілік көшесі 20 үйдің аумағындағы алаң

27

Үштөбе ауылы

Ленинградская көшесінің бойындағы №30А үйдің жанындағы учаске

28

Центральное ауылы

Ленин көшесіндегі аялдаманың жанындағы алаң

29

Шешенқара ауылы

Пискунов көшесіндегі "Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Шешенқара ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы алаң


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады