Бұқар жырау ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 20 желтоқсандағы № 79/01 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 27 желтоқсанда № 26070 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1-тармағына сәйкес, Бұқар жырау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Бұқар жырау ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерінің орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын және бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Бұқар жырау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бұқар жырау ауданы әкімі С. Аймаков

  Бұқар жырау ауданының әкімдігі
2021 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 79/01 қаулысына қосымша

Бұқар жырау ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерінің орналастыру орындары

Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Алып жатқан алаңы, (шаршы метр)

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі

Жақын арадағы инфрақұрылымды есепке алғандағы қызмет саласы (ұқсас бұйымдар сататын сауда объектілері, сонымен қатар қоғамдық тамақтану орындары)

1

Ростовка ауылы, Центральная көшесі 27, "Бұқар жырау аудандық мәдениет үйі, Ростов ауылының ауылдық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына қарама – қарсы

30

5 жыл

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар, жақын арадағы инфрақұрылым – "Бану" дүкені

2

Баймырза ауылы, Тәуелсіздік көшесі 2, "Бұқар жырау аудандық мәдениет үйі, Баймырза ауылының ауылдық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына қарама – қарсы алаң

8

5 жыл

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар, жақын арадағы инфрақұрылым – "У Райсы" дүкені

3

Көкпекті ауылы, Заречная көшесі 1А, "Ақжарқын" дәмханасына қарама – қарсы

20

5 жыл

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар, жақын арадағы инфрақұрылым – "Рахат" дүкені

4

Қушоқы кенті, Разрезовская көшесіндегі № 3 үйдің сол жағында

20

5 жыл

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар, жақын арадағы инфрақұрылым – "Магнат" дүкені

5

Ботақара кенті, Бұқар жырау көшесі "Арзан-маркет" дүкенінің оң жағында

20

5 жыл

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар, жақын арадағы инфрақұрылым – "777" дүкені

6

Новоузенка ауылы, Володарский көшесі 33, "Азия" дүкеніне қарама – қарсы

20

5 жыл

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар, жақын арадағы инфрақұрылым – "Азия" дүкені

7

Ғ.Мұстафин кенті, Мира көшесіндегі № 26 үйдің сол жағында

30

5 жыл

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар, жақын арадағы инфрақұрылым – "Шекер" дүкені

8

Доскей ауылы, Доскей көшесі 32, "Юбилейный" орталық дүкеніне қарама-қарсы

15

5 жыл

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар, жақын арадағы инфрақұрылым – "Юбилейный" дүкені


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады