Приозерск қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен алушылар санаттарының тізбесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының 2021 жылғы 30 наурыздағы № 3/30 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 12 сәуірде № 6296 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 68 бабының 3), 9), 11) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы "Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" Мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" № 1054 Қаулысына, "Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 18883 болып тіркелген) сәйкес, Приозерск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының 28.10.2021 № 9/78 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі).

      1. Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен алушылар санаттарының тізбесі 1, 2 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы С. Попченко
      Қалалық мәслихат хатшысы Б. Сарсембеков

  Приозерск қалалық
мәслихатының
2021 жылғы 30 наурыздағы
№ 3/30 шешіміне 1 қосымша

Тұрғын үй сертификатының мөлшері

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының 28.10.2021 № 9/78 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі).

      1. Қарыз сомасынан 10%, алайда әлеуметтік көмек түрі ретінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.

      2. Қарыз сомасынан 10 % дейін, алайда әлеуметтік қолдау түрі ретінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.

  Приозерск қалалық
мәслихатының
2021 жылғы 30 наурыздағы
№ 3/30 шешіміне 2 қосымша

Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының 28.10.2021 № 9/78 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі).

Атауы

1.

Мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары

2.

"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі

"Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар

3.

Толық емес отбасылар


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады