Қызылорда облыстық мәслихатының мәдениет саласындағы кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қызылорда облыстық мәслихатының 2021 жылғы 17 наурыздағы № 14 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 25 наурызда № 8224 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихатының мәдениет саласындағы кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облыстық мәслихатының
2-сессиясының төрағасы
Н. Амитов
      Қызылорда облыстық
мәслихатының хатшысы
Н. Байкадамов

  Қызылорда облыстық мәслихатының 2021 жылғы 17 наурыздағы № 14 шешіміне қосымша

Қызылорда облыстық мәслихатының мәдениет саласындағы күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Жаңақорған ауданында орналасқан "Сығанақ (Сунақата) қалашығының" тарих және мәдениет ескерткішін қорғау аймақтарын және қорғалатын табиғат ландшафты аймақтарының шекарасын бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2013 жылғы 21 тамыздағы № 138 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4517 нөмірімен тіркелген, облыстық "Сыр бойы" газетінің 2013 жылғы 5 қазанда, "Кызылординские вести" газетінің 2013 жылғы 5 қазанда жарияланған);

      2. "Қазалы ауданында орналасқан "Жанкент қалашығы" тарих және мәдениет ескерткішінің қорғау аймағының, құрылыс салуды реттеу аймағының және қорғалатын табиғат ландшафт аймағының шекарасын бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2014 жылғы 21 қарашадағы № 233 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4817 нөмірімен тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 23 желтоқсанда жарияланған);

      3. "Қармақшы ауданында орналасқан "Қорқыт ата ескерткіш кешені" тарих және мәдениет ескерткішінің қорғау аймағының, құрылыс салуды реттеу аймағының және қорғалатын табиғат ландшафт аймағының шекарасын бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2015 жылғы 10 шілдедегі № 284 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5079 нөмірімен тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 17 тамызда жарияланған);

      4. "Шиелі ауданында орналасқан "Сауысқандық шатқалындағы жартастағы бейнелер кешені" тарих және мәдениет ескерткішінің қорғау аймағының, құрылыс салуды реттеу аймағының және қорғалатын табиғат ландшафт аймағының шекарасын бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2016 жылғы 19 мамырдағы № 26 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5535 нөмірімен тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 22 маусымда жарияланған);

      5. "Тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтарының және қорғалатын табиғат ландшафты аймақтарының шекараларын бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2017 жылғы 14 шілдедегі № 132 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5912 нөмірімен тіркелген, 2017 жылғы 3 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады