"Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін бекіту туралы"

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы әкімдігінің 2021 жылғы 26 сәуірдегі № 259 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 26 сәуірде № 8313 болып тіркелді. Мерзімі біткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 8-бабына, "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 11245 нөмірімен тіркелген) және Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін бекіту жөніндегі комиссия отырысының 2021 жылғы 15 наурыздағы № 06-4/1373 хаттамасына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Б.Д. Жахановқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Г. Абдыкаликова

  Қызылорда облысы әкімдігінің
  2021 жылғы 26 сәуірдегі № 259
  қаулысына қосымша

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшері

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарыныңатауы

Өлшем бірлігі

Мөлшері

Мерзімі

1.

Тауық жұмыртқасы (І санатты)

10 дана

430 теңге

90 күн

2.

Күнбағыс майы

1 литр

632 теңге

90 күн


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады