Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2021 жылғы 4 қазандағы № 237 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 14 қазанда № 24741 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес, Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Маңғыстау облысы цифрлық технологиялар басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысының әкімі Н. Ногаев

  Маңғыстау облысының әкімі
  2021 жылғы 4 қазандағы № 237
  қаулысына қосымша

Маңғыстау облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізімі

      1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 8 шілдедегі № 207 "Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3128 болып тіркелген).

      2. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 148 "Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 8 шілдедегі № 207 "Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3679 болып тіркелген).

      3. Маңғыстау облысы әкімдігінің "Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 8 шілдедегі № 207 "Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 295 қаулысы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4090 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады