Бейнеу ауылында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың барлық маршруттары үшін бірыңғай тарифін белгілеу туралы

Жаңартылған

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 366 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 8 қаңтарда № 26406 болып тіркелді.

      Ескерту. 01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі - осы шешімнің 4 тармағымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 9) тармақшасына және Қазақстан Республикасының "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 19-бабы 2-тармағына сәйкес Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Бейнеу ауылында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың барлық маршруттары үшін бірыңғай тарифі 60 (алпыс) теңге мөлшерінде белгіленсін.

      Ескерту. 1- тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 15.03.2022 № 132 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. "Бейнеу аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Әзірхановқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бейнеу ауданы әкімінің міндетін атқарушы Р. Шалбаев

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Бейнеу аудандық мәслихаты

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады