"Қарақия ауданы аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және маршруттарын айқындау және бекіту туралы" Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 255 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 20 қазандағы № 188 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 26 қазанда № 24885 болып тіркелді

      ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің "Қарақия ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және маршруттарын айқындау және бекіту туралы" 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 255 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4380 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қарақия ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы";

      көрсетілген қаулының 2 тармағы алынып тасталсын;

      көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Қарақия аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімінің орынбасары С.Төретаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарақия ауданының әкімі К. Беков

  Қарақия ауданы әкімдігінің
  2021 жылғы 20 қазандағы
  № 188
  қаулысына қосымша
  Қарақия ауданы әкімдігінің
  2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 255
  қаулысына 1 қосымша

Қарақия ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Орналасу орны

Алатын алаңы (шаршы метр)

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі

Қызмет саласы

Жақын орналасқан инфрақұрылым

Құрық ауылы

1

3 шағын ауданы, № 207 ғимаратының жанында

4 шаршы метрден 2 орын

5 жыл

ауыл шаруашылығы өнімдері

ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ

2

2 шағын ауданы, № 40 үйдің жанында

5 шаршы метр 5 орын

5 жыл

ауыл шаруашылығы өнімдері

ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ

3

"Гүлдана" жанармай құю бекетінің жанында

6 шаршы метрден 7 орын

5 жыл

ауыл шаруашылығы өнімдері

ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ

4

5 шағын ауданы, "Нұргелді" мейрамханасының жанында

4 шаршы метрден 6 орын

5 жыл

ауыл шаруашылығы өнімдері

ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ

Жетібай ауылы

5

Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Қарақия аудандық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Жетібай ауылдық мәдениет үйінің алдындағы ашық алаңы

5 шаршы метрден 7 орын

5 жыл

ауыл шаруашылығы өнімдері

ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ

Мұнайшы ауылы

6

Салтанат шағын ауданы, № 5 үйдің жанында

4 шаршы метрден 5 орын

5 жыл

ауыл шаруашылығы өнімдері

ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ

Құланды ауылы

7

М.Өскінбайұлы көшесі, орталық саябақтың жанында

7 шаршы метрден 4 орын

5 жыл

ауыл шаруашылығы өнімдері

ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ

Бостан ауылы

8

Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Қарақия аудандық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Бостан ауылдық Мәдениет үйінің жанында

7 шаршы метрден 4 орын

5 жыл

ауыл шаруашылығы өнімдері

ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ

Сенек ауылы

9

C.Мәтіков көшесі, балалар ойын алаңының жанында

5 шаршы метрде 4 орын

5 жыл

ауыл шаруашылығы өнімдері

ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ

Болашақ ауылы

10

"Жаңаөзен–Түрікменстан" республикалық маңызы бар автожолының 70 шақырымы (Жаңаөзен қаласынан Түрікменстан бағытының оң жағы)

7 шаршы метрден 5 орын

5 жыл

ауыл шаруашылығы өнімдері

ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады