Қостанай қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 23 қарашадағы № 2560 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 30 қарашада № 25467 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген Ішкі сауда қағидаларының 50-1-тармағына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Қостанай қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.

      2. "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланнан кейін Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай қаласының әкімі К. Ахметов

  Қостанай қаласы әкімдігінің
  2021 жылғы 23 қарашадағы
  № 2560 қаулысына
  қосымша

Қостанай қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Орналасқан жері

Алып жатқан алаңы

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі

Қызмет саласы

Жақын арадағы инфрақұрылым

1

Ғ.Қайырбеков көшесі, № 347, "Рассвет" азық-түлік дүкеніне қарама - қарсы

6,8 шаршы метр

5 жыл

Бөлшек сауда тауарларын сату

Ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ

2

Ғ.Қайырбеков көшесі, № 387, "Rauzet" супермаркетінің жанында

40,8 шаршы метр

5 жыл

Бөлшек сауда тауарларын сату

Ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ

3

Чернышевский көшесі, № 68, "Березка" азық-түлік дүкеніне қарама - қарсы

47,6 шаршы метр

5 жыл

Бөлшек сауда тауарларын сату

Ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ

4

8 шағын ауданы, № 18 үй, "Наурыз" азық-түлік дүкеніне қарама - қарсы

13,6 шаршы метр

5 жыл

Бөлшек сауда тауарларын сату

Ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ

5

Юрий Гагарин көшесі, № 15, "Kazpost" пошта бөлімшесінің жанында

13,6 шаршы метр

5 жыл

Бөлшек сауда тауарларын сату

Ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ

6

Әл-Фараби даңғылы, № 38, "Колос" азық-түлік дүкеніне қарама - қарсы

20,4 шаршы метр

5 жыл

Бөлшек сауда тауарларын сату

Ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ

7

Әл-Фараби даңғылы, № 88, "Vittorio" азық-түлік дүкеніне қарама - қарсы

102 шаршы метр

5 жыл

Бөлшек сауда тауарларын сату

Ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ

8

Ы. Алтынсарин көшесі, № 28, "Expert color studio" шаштаразына қарама - қарсы

13,6 шаршы метр

5 жыл

Бөлшек сауда тауарларын сату

Ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ

9

Воинов Интернационалистов көшесі, № 12, "Аврора" сауда үйіне қарама - қарсы

40,8 шаршы метр

5 жыл

Бөлшек сауда тауарларын сату

Ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ

10

Текстильщиков көшесі, № 18 үй, "DDD" азық-түлік дүкеніне қарама - қарсы

34 шаршы метр

5 жыл

Бөлшек сауда тауарларын сату

Ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ

11

Генерал Арыстанбеков көшесі, 9 шағын ауданындағы № 2 үй мен № 4 үйдің арасында, "Амулет" азық-түлік дүкеніне қарама - қарсы

251,6 шаршы метр

5 жыл

Бөлшек сауда тауарларын сату

Ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ

12

А. Бородин көшесі, № 168Б, "Fix Price" дүкенінің жанында

13,6 шаршы метр

5 жыл

Бөлшек сауда тауарларын сату

Ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ

13

Ворошилов көшесі, № 64 үй, "Аймар 55" азық-түлік дүкеніне қарама - қарсы

27,2 шаршы метр

5 жыл

Бөлшек сауда тауарларын сату

Ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ

14

Маяковский көшесі, № 120 үй, "Бахыт" дүкенінің жанында

34 шаршы метр

5 жыл

Бөлшек сауда тауарларын сату

Ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ

15

Темирбаев көшесі мен Әл-Фараби даңғылының қиылысы, 136, "НУР" дүкеніне қарама - қарсы

20,4 шаршы метр

5 жыл

Бөлшек сауда тауарларын сату

Ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады