Әкімдіктің 2014 жылғы 28 ақпандағы № 64 "Амангелді ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 26 наурыздағы № 33 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 26 наурызда № 9837 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабының 6-тармағына сәйкес Амангелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Амангелді ауданы әкімдігінің "Амангелді ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" 2014 жылғы 28 ақпандағы № 64 қаулысына (2014 жылғы 27 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4499 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Осы қаулының орындалуын бақылау Амангелді ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.".

      2. "Амангелді ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Амангелді ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Амангелді ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Амангелді ауданының әкімі А. Асанов

  Әкімдіктің
2021 жылғы 26 наурыздағы
№ 33 қаулысына
қосымша
  Әкімдіктің
2014 жылғы 28 ақпандағы
№ 64 қаулысына
қосымша

Амангелді ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Елді-мекендер

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

1

Амангелді ауылы

А.Байтұрсынов және Дүйсенбин көшелерінің қиылысында орналасқан тақта

2

Есір ауылы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Амангелді ауданы білім бөлімінің Н.Мейірманов атындағы жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта

3

Кемер ауылы

Ауылдың орталық көшесіндегі тақта

4

Қоғалыкөл ауылы

Ауылдың орталық көшесіндегі тақта

5

Ақкісі ауылы

Ауылдың орталық көшесіндегі тақта

6

Қарасу ауылы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Амангелді ауданы білім бөлімінің Жасбуын жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта

7

Әбу Сыздықов атындағы ауыл

Ауылдың орталық көшесіндегі тақта

8

Есенбаев ауылы

Ауылдың орталық көшесіндегі тақта

9

Ағайдар ауылы

Ауылдың орталық көшесіндегі тақта

10

Амантоғай ауылы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Амангелді ауданы білім бөлімінің Амантоғай жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта

11

Жалдама ауылы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Амангелді ауданы білім бөлімінің Жалдама жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта

12

Шақпақ ауылы

Ауылдың орталық көшесіндегі тақта

13

Қарақұдық ауылы

Ауылдың орталық көшесіндегі тақта

14

Тасты ауылы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Амангелді ауданы білім бөлімінің Тасты жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта

15

Қарынсалды ауылы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Амангелді ауданы білім бөлімінің Қарынсалды негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта

16

Горняк ауылы

Ауылдың орталық көшесіндегі тақта

17

Степняк ауылы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Амангелді ауданы білім бөлімінің Степняк негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта

18

Үштоғай ауылы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Амангелді ауданы білім бөлімінің Рассвет негізгі орта мектебі" комуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта

19

Ақсай ауылы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Амангелді ауданы білім бөлімінің Бүйректал жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта

20

Байғабыл ауылы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Амангелді ауданы білім бөлімінің А.Нұрманов атындағы жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта

21

Жаңатұрмыс ауылы

Ауылдың орталық көшесіндегі тақта

22

Жетібай аулы

Ауылдың орталық көшесіндегі тақта

23

Құмкешу ауылы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Амангелді ауданы білім бөлімінің Құмкешу жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта

24

Айтбай ауылы

Ауылдың орталық көшесіндегі тақта

25

Үрпек ауылы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Амангелді ауданы білім бөлімінің Жаңа ауыл жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта

26

Қосжан ауылы

Ауылдың орталық көшесіндегі тақта

27

Ағаштыкөл ауылы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Амангелді ауданы білім бөлімінің Ағаштыкөл бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта

28

Қарашатөбе ауылы

Ауылдың орталық көшесіндегі тақта

29

Қабырға ауылы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Амангелді ауданы білім бөлімінің Н.Крупская атындағы негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта

30

Жаңатай ауылы

Ауылдың орталық көшесіндегі тақта


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады