Әкімдіктің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 53 "Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жай беру туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 9 ақпандағы № 38 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 12 ақпанда № 9758 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 28-бабы 4-тармағына сәйкес Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Әкімдіктің "Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жай беру туралы" 2015 жылғы 23 ақпандағы № 53 қаулысына (2015 жылғы 12 наурызда "Айна" газетінде жарияланған Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5411 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген әкімдік қаулысының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қарабалық ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 9 қыркүйектегі № 293 "Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жай беру туралы" қаулысының (2013 жылғы 3 қазанда "Айна" газетінде жарияланған Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4227 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Қарабалық ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қарабалық ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарабалық ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Н. Утегенов

  Әкімдіктің
2021 жылғы 9 ақпандағы
№ 38 қаулысына
қосымша
  Әкімдіктің
2015 жылғы 23 ақпандағы
№ 53 қаулысына
қосымша

Кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй - жай

№ р/с

Елді мекеннің атауы

Кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар

1.

Қарабалық кенті

"Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Қарабалық аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

2.

Тоғызақ ауылы

Тоғызақ ауылдық мәдениет үйінің ғимаратында

3.

Белоглинка ауылы

Белоглин ауылдық мәдениет үйінің ғимаратында

4.

Станционное ауылы

Станционный ауылдық мәдениет үйінің ғимаратында

5.

Новотроицкое ауылы

Новотроицк ауылдык мәдениет үйінің ғимаратында

6.

Победа ауылы

Победа ауылдық мәдениет үйінің ғимаратында

7.

Боскөл ауылы

Бозкөл ауылдық мәдениет үйінің ғимаратында

8.

Михайловка ауылы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қарабалық ауданы білім бөлімінің Михайлов жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

9.

Приречное ауылы

Өрнек ауылдық мәдениет үйінің ғимаратында

10.

Лесное ауылы

Есенкөл ауылдық мәдениет үйінің ғимаратында

11.

Славенка ауылы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қарабалық ауданы білім бөлімінің Славян негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

12.

Бөрлі ауылы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қарабалық ауданы білім бөлімінің Бөрлі жалпы білім беретін мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

13.

Смирновка ауылы

Смирнов ауылдық мәдениет үйінің ғимаратында


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады