Сарыкөл ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 278 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 31 желтоқсанда № 26296 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1-тармағына сәйкес, Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Сарыкөл ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сарыкөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім А. Балгарин

  Сарыкөл ауданы әкімдігінің
  2021 жылғы 24 желтоқсандағы
  № 278 қаулыға
  қосымша

Сарыкөл ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Орналасу орны

Алып жатқан алаңы (шаршы метр)

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі (жыл)

Қызмет саласы

Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)

1

Сарыкөл кенті, Мендеке Батыр көшесі, "Казсевавтодор" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарама-қарсы

50

5

ауыл шаруашылық өнімдері

"Престиж" дүкені

2

Маяк ауылы, 1 май көшесі, "Сарыкөл ауданы Маяк ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне қарама-қарсы

350

5

ауыл шаруашылық өнімдері

"Аружан" дүкені

3

Златоуст ауылы, Целинная көшесі, "Олжа Арыстан ӨК" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарама-қарсы

350

5

ауыл шаруашылық өнімдері

"Кузьминых" жеке кәсіпкердің дүкені

4

Комсомол ауылдық округі, Комсомол ауылы, Мир көшесі, "Казпроминвест" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарама-қарсы

50

5

ауыл шаруашылық өнімдері

"Бродюк" жеке кәсіпкердің дүкені

5

Веселоподол ауылдық округі, Веселый Подол ауылы, Ленин көшесі, "Сарыкөл ауданы Веселоподол ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне қарама-қарсы

300

5

ауыл шаруашылық өнімдері

жоқ

6

Большие Дубравы ауылы, Целинная көшесі, "Сарыкөл ауданы Большие Дубравы ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне қарама-қарсы

50

5

ауыл шаруашылық өнімдері

"Махина" жеке кәсіпкердің дүкені

7

Тимирязев ауылы, Мир көшесі, "Сарыкөл ауданы Тимирязев ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне қарама-қарсы

50

5

ауыл шаруашылық өнімдері

"Тамаша" дүкені

8

Тағыл ауылдық округі, Тағыл ауылы, 50 лет СССР көшесі, "Сарыкөл ауданы Тағыл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне қарама-қарсы

100

5

ауыл шаруашылық өнімдері

"Лавринец" жеке кәсіпкердің дүкені

9

Сорочин ауылдық округі, Сорочинка ауылы, Центральная көшесі, № 1 үйге қарама-қарсы

200

5

ауыл шаруашылық өнімдері

"Попов" жеке кәсіпкердің дүкені

10

Сорочин ауылдық округі, Крыловка ауылы, Центральная көшесі, № 52А үйге қарама-қарсы

200

5

ауыл шаруашылық өнімдері

"Алишер" дүкені

11

Севастополь ауылдық округі, Севастополь ауылы, Ленин көшесі, № 30 үйге қарама-қарсы

50

5

ауыл шаруашылық өнімдері

"Фариза" дүкені

12

Урожайное ауылы, Херсонская көшесі, № 11 үйге қарама-қарсы

50

5

ауыл шаруашылық өнімдері

"Исакова" жеке кәсіпкердің дүкені

13

Барвинов ауылы, Комсомольская көшесі, "Аманжол АкРо" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарама-қарсы

50

5

ауыл шаруашылық өнімдері

"Аманжол АкРо" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің дүкені


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады