Павлодар облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы әкімдігінің 2021 жылғы 25 қаңтардағы № 30/1 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 29 қаңтарда № 7199 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Павлодар облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.Қ. Байхановқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар облысының әкімі А. Скаков

  Павлодар облысы әкімдігінің
2021 жылғы 25 қаңтардағы
№ 30/1 қаулысына
қосымша

Павлодар облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір
каулыларының тізбесі

      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" № 145/5 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4560 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 мамырдағы "Павлодар облысы бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттерін бекіту туралы" № 151/5 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4585 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 мамырдағы "Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" № 152/5 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4586 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      4. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 маусымдағы "Жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қоры бар аумақтарда ауызсу және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысы жоқ мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат беру", "Су объектілерін конкурстық негізде оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" № 164/6 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4577 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      5. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 қарашадағы "Павлодар облысы әкімдігінің су ресурстары, орман шаруашылығы және жануарлар әлемі саласындағы кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" № 309/11 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4833 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      6. Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 ақпандағы "Павлодар облысы әкімдігінің жер қойнауын пайдалану, қоршаған ортаны қорғау, су ресурстары, орман шаруашылығы және жануарлар әлемі саласындағы кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" № 43/2 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5025 болып тіркелген, 2016 жылғы 7 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      7. Павлодар облысы әкімдігінің 2017 жылғы 26 маусымдағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 мамырдағы "Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" № 152/5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 178/3 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5585 болып тіркелген, 2017 жылғы 7 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      8. Павлодар облысы әкімдігінің 2017 жылғы 14 қарашадағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" № 145/5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 352/6 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5714 болып тіркелген, 2017 жылғы 15 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      9. Павлодар облысы әкімдігінің 2017 жылғы 16 қарашадағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 маусымдағы "Жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қоры бар аумақтарда ауызсу және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысы жоқ мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат беру", "Су объектілерін конкурстық негізде оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы № 164/6 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 361/6 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5719 болып тіркелген, 2017 жылғы 21 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      10. Павлодар облысы әкімдігінің 2018 жылғы 19 қыркүйектегі "Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 маусымдағы "Жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қоры бар аумақтарда ауызсу және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысы жоқ мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат беру", "Су объектілерін конкурстық негізде оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" № 164/6 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 328/5 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6088 болып тіркелген, 2018 жылғы 1 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      11. Павлодар облысы әкімдігінің 2019 жылғы 14 тамыздағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" № 145/5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 247/2 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6533 болып тіркелген, 2019 жылғы 9 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады