Павлодар облыстық мәслихатының 2010 жылғы 4 маусымдағы № 290/25 "Павлодар қаласы аймақтарының түзету коэффициенттері мен шекаралары туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облыстық мәслихатының 2021 жылғы 26 қарашадағы № 86/8 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 3 желтоқсанда № 25516 болып тіркелді

      Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Павлодар облыстық мәслихатының "Павлодар қаласы аймақтарының түзету коэффициенттері мен шекаралары туралы" 2010 жылғы 4 маусымдағы № 290/25 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3167 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Павлодар қаласындағы бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы";

      көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Павлодар қаласының бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес бекітілсін.";

      көрсетілген шешімнің 1, 2 қосымшалары осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы Е. Айткенов

  Павлодар облыстық
мәслихатының
2021 жылғы 26 қарашадағы
№ 86/8 шешіміне
1-қосымша
  Павлодар облыстық
мәслихатының 2010 жылғы
4 маусымдағы № 290/25
шешіміне 1-қосымша

Павлодар қаласының бағалау аймағының шекаралары



  Павлодар облыстық
мәслихатының 2021 жылғы
26 қарашадағы № 86/8
шешіміне 2-қосымша
  Павлодар облыстық
мәслихатының 2010 жылғы
4 маусымдағы № 290/25
шешіміне 2-қосымша

Павлодар қаласында жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері

Аймақ нөмірі

Түзету коэффициенттері

1

I

2,0

2

II

1,8

3

III

1,6

4

IV

1,4

5

V

1,2

6

VI

1,0

7

VII

0,9

8

VIII

0,8

9

IX

0,7

10

X

0,6

11

XI

0,5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады