Павлодар ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Жаңартылған

Павлодар облысы Павлодар ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 14 шілдедегі № 257/7 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 21 шілдеде № 23623 болып тіркелді.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Павлодар облысы Павлодар ауданы әкімдігінің 23.06.2023 № 265/6 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) Ішкі сауда қағидаларының 50-1-тармағына сәйкес, Павлодар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын және бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Павлодар ауданы әкімдігінің 23.06.2023 № 265/6 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар ауданы әкімінің міндетін атқарушы Е. Жаутикбаев

  Павлодар ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 14 шілдедегі
№ 257/7 қаулысына
қосымша

Павлодар ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Павлодар облысы Павлодар ауданы әкімдігінің 23.06.2023 № 265/6 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Р/с №

Нақты орналасу орны

Алатын алаңы, шаршы метр

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі, жыл

Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сонымен қатар қоғамдық тамақтану объектілері)

Қызмет саласы

1

2

3

4

5

6

1

Заря ауылдық округі, Заря ауылы, Мәметова көшесі, Заря ауылының аудандық мәдениет үйі МКҚК ғимаратына қарама-қарсы

144

5

"Заря" дүкені

ауыл шаруашылық, азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерін іске асыру

2

Ефремовка ауылдық округі, Ефремовка ауылы, Абай көшесі, "Родник" дүкенінің оң жағында

100

5

"Родник" дүкені

ауыл шаруашылық, азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерін іске асыру

3

Кемеңгер ауылдық округі, Кемеңгер ауылы, Тәуелсіздік көшесі, Кемеңгер ауылының аудандық мәдениет үйі МКҚК ғимаратының оң жағында

120

5

жоқ

ауыл шаруашылық, азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерін іске асыру

4

Кеңес ауылдық округі, Новоямышев ауылы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, "Кеңес ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ ғимаратының оң жағында

120

5

"Елназар" кафесі

ауыл шаруашылық, азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерін іске асыру

5

Ольгинка ауылы, Абай көшесі, Ольгинка ауылының аудандық мәдениет үйі МКҚК ғимаратына қарама-қарсы

150

5

жоқ

ауыл шаруашылық, азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерін іске асыру

6

Шақат ауылдық округі, Шақат ауылы, Әуезов көшесі, "Шақат ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ ғимаратына қарама-қарсы

100

5

жоқ

ауыл шаруашылық, азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерін іске асыру

7

Чернорецк ауылдық округі, Чернорецк ауылы, Трунов көшесі, № 22 үйге қарама-қарсы

200

5

жоқ

ауыл шаруашылық, азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерін іске асыру

8

Черноярка ауылдық округі, Новочерноярка ауылы, Павлодар - Омбы - Майқапшағай тас жолының бойында, "Нариман" кафесінің оң жағында

100

5

"Нариман" кафесі

ауыл шаруашылық, азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерін іске асыру

1

2

3

4

5

6

9

Рождественка ауылдық округі, Розовка ауылы, Абай көшесі, "Рождественка ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ ғимаратының сол жағында

100

5

жоқ

ауыл шаруашылық, азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерін іске асыру

10

Григорьевка ауылдық округі, Жаңа қала ауылы, Павлодар - Омбы - Майқапшағай тас жолының бойында, "Жаңа-Қала" ШҚ" ЖШС ғимаратының оң жағында

100

5

жоқ

ауыл шаруашылық, азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерін іске асыру

11

Луганск ауылдық округі, Луганск ауылы, Тәуелсіздік көшесі, "Луганск" ӨК кеңсесінің сол жағында

100

5

"Фортуна" дүкені

ауыл шаруашылық, азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерін іске асыру

12

Мичурин ауылдық округі, Мичурин ауылы, Тәуелсіздік көшесі, "Глебушка" дүкеніне қарама-қарсы

30

5

"Глебушка" дүкені

ауыл шаруашылық, азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерін іске асыру

13

Заңғар ауылдық округі, Заңғар ауылы, 1 Май көшесі, № 14 үйге қарама-қарсы

90

5

жоқ

ауыл шаруашылық, азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерін іске асыру


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады