Алматы қаласының мектепке дейiнгi ұйымдарындағы 2021 жылға арналған мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын және ата-ананың ақы төлеу мөлшерiн бекiту туралы

Мерзімі біткен

Алматы қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 2 тамыздағы № 3/400 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 9 тамызда № 23916 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 3-тармағының 7-1) тармақшасына және 62-бабының 6-тармағына сәйкес, Алматы қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Алматы қаласының мектепке дейiнгi ұйымдарындағы 2021 жылға арналған мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, ата-ананың ақы төлеу мөлшерi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкiмiнiң орынбасары Е.Ж. Бабақұмаровқа жүктелсiн.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.

      Алматы қаласының әкімі Б. Сагинтаев

  Алматы қаласының әкімі
2021 жылғы 2 тамыздағы
№ 3/400
қаулысына қосымша

Алматы қаласының мектепке дейiнгi ұйымдарындағы 2021 жылға арналған
мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы,
ата-ананың ақы төлеу мөлшерi

р/с

Мектепке дейінгі ұйымның түрі

Тәрбиеленушілердің саны

Бір тәрбиеленушіге бір айға жұмсалатын шығыстардың орташа құны, теңге

Ата-ананың бiр тәрбиеленушіге айына ақы төлеу мөлшері, теңге

1

Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйым

35916

37 527

18900

2

Жеке мектепке дейінгі ұйым

24043

37 527

18900

3

Түзету топтары

233

66 779

-

4

Жарты күн болатын мектепалды топтары

 
300

 
16 136

-

5

Санаторлық мектепке дейінгі ұйым

 
555

 
55 786

-

6

Арнайы (түзету) мектепке дейінгі ұйым

 
1240

 
66 779

-


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады