Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының 2017 жылғы 3 наурыздағы № 10-3 "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2021 жылғы 11 қаңтардағы № 72-19 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 13 қаңтарда № 6988 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2023 жылғы 13 қазандағы № 9-1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 13.10.2023 № 9-1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 3 наурыздағы № 10-3 шешіміне (2017 жылғы 13 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4121 болып тіркелді) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мөлшерлерін анықтау және тізбесін белгілеу қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "5. Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16-бабында және Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы "Ардагерлер туралы" Заңының 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.";

      2 және 3-тараулардың тақырыптары жаңа редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі";

      12-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "12. Әлеуметтік көмек азаматтарға (отбасына) осы Қағидаларға 3-қосымшаның 13)-тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша өмірлік қиын жағдай басталған күннен бастап кірісті қоспағанда, 6 айдан кешіктірмей айлық есептік көрсеткіштің 100 (жүз) есептік көрсеткіш мөлшерінде, бір мезгілде көрсетіледі.";

      19-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "19. Өмірде қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауылдық округтің әкіміне мынадай құжаттармен:

      1) жеке басын куәландыратын құжатпен;

      2) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтермен;

      3) өмірде қиын жағдайдың туындағанын растайтын актімен және/немесе құжатпен қоса өтініш береді.

      Адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамастан тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер ұсынылмайды.";

      20-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "20. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.";

      4 және 5-тараулардың тақырыптары жаңа редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздер

      5-тарау. Қорытынды ереже";

      8-тармақ алып тасталсын;

      2,4-қосымша алып тасталсын;

      Қағидалардың 1, 5-қосымшалары тиісінше осы шешімнің 1, 2- қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы
мәслихатының сессиясының төрағасы
И. Шаймерденов
      Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы
мәслихатының хатшысы
Е. Адильбеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімі

      ____________________ Қ. Ақсақалов

      2020 жылғы "__" _______________

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Ғабит Мүсірепов атындағы
  ауданы мәслихаты
  2021 жылғы 11 қаңтардағы
  № 72-19 Шешіміне
  1- қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы
  Ғабит Мүсірепов атындағы
  ауданда мұқтаж азаматтардың
  жекелеген санаттарына әлеуметтік
  көмек көрсету мөлшерлерін
  анықтау және тізбесін
  белгілеу қағидаларына
  1-қосымша

Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі


р/н

Әлеуметтік көмек алушылар санаттарына атаулы күндер және мереке күндерінің атауы

Әлеуметтік көмектің еселігі және мөлшері

1

2

3

15 ақпан – "Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің
шектеулі контингентінің шығарылған күні"

1

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы үкімет органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан - Кеңес Армиясының, Әскери-Теңіз флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілері, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Ішкі істер министрлігінің қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүргізілген кезеңде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілер; ұрыс қимылдары жүргізілген кезеңде осы елге жүк жеткізу үшін Ауғанстанға жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілері; бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалар Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшілері; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшілер.

Жылына 1 рет
15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш

2

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын қорғау кезінде, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа уақытта орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе басқа ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери міңдетін өтеу кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер.

Жылына 1 рет
15 (он бес) айлық есептік
көрсеткіш

3

Басқа елдерде іс-қимыл жасаған әскер құрамдарына қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдарын жүргізу кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан мүгедек болған тиісті санаттағы жұмысшылар мен қызметшілер.

Жылына 1 рет
15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш

4

Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерді ұрыс қимылдары кезеңінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы, ауруы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасы.

Жылына 1 рет
15 (он бес) айлық есептік
көрсеткіш

5

1979 жылдың 1 желтоқсаны мен 1989 жылдың желтоқсаны аралығында Ауғанстанға және ұрыс қимылдары жүріп жатқан басқа да мемлекеттерге жұмысқа жіберілген жұмысшылар мен қызметшілер.

Жылына 1 рет
15 (он бес) айлық есептік
көрсеткіш

6

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Мемлекет қауіпсіздігі комитетінің Ауғанстанда уақытша болған және кеңес әскерлерінің шектелген құрамына енбеген жұмысшылары мен қызметшілері.

Жылына 1 рет
15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш

7

Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері.

Жылына 1 рет
15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш

8

Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері

Жылына 1 рет
15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш

9

Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары

Жылына 1 рет
15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш

8 наурыз – "Халықаралық әйелдер күні"

1

"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, I және II дәрежелі "Ана Даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналар.

Жылына 1 рет
10 (он)
айлық есептік
көрсеткіш

2

Құрамында бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көп балалы отбасылар

Жылына 1 рет
5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

26 сәуір – "Чернобыль атом электростанциясындағы апатты еске алу күні"

1

1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әсери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тікелей қатысқан адамдар.

Жылына 1 рет
15 (он бес) айлық есептік
көрсеткіш

2

Чернобыль атом электростанциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар мен ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуы себебімен мүгедектігі тектік байланыстағы олардың балалары.

Жылына 1 рет
15 (он бес) айлық есептік
көрсеткіш

3

Чернобыль атом электростанциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезінде қаза тапқан адамдардың отбасы.

Жылына 1 рет
15 (он бес) айлық есептік
көрсеткіш

4

Чернобыль атом электростанциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынаулардың салдарынан сәулелену ауруы салдарынан қайтыс болғандардың, немесе өлімі белгіленген тәртіппен солардың ықпалына байланысты болған мүгедектердің, сондай-ақ азаматтардың отбасы.

Жылына 1 рет
15 (он бес) айлық есептік
көрсеткіш

5

1988-1989 жылдардағы Чернобыль атом электростанциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркімен көшкен) адамдар қоныс аудартқан күні құрсағындағы жатқан балаларды қоса алғанда.

Жылына 1 рет
15 (он бес) айлық есептік
көрсеткіш

7 мамыр – "Отан қорғаушылар күні"

1

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Қорғаныс министрлiгiне, iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарына әскери мiндетiн өтеу жиындарына шақырылған, қоғамға жат көрiнiстерге байланысты төтенше жағдайлар кезiнде қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiндегi тапсырмаларды орындау барысында қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасы.

Жылына 1 рет
5 (бес)
айлық есептік
көрсеткіш

2

Бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасы.

Жылына 1 рет
5 (бес)
айлық есептік
көрсеткіш

9 мамыр – "Жеңіс күні"

1

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері.

Жылына 1 рет
100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш

2

Қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдік шарттарымен зейнетақы тағайындау үшін еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелді қалаларда Ұлы Отан соғысы кезінде қызмет атқарған әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары.

Жылына 1 рет
5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

3

Ұлы Отан соғысы кезінде майдандағы армия құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымда болған Кеңес Армиясының, Әскери – Теңіз Флотының, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік әскерлері мен органдарының ерікті жалдама құрамаларының адамдары, немесе тиісті кезеңде қорғанысына қатысу 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдік шарттарымен зейнетақы тағайындау үшін еңбек өткерген жылдарына есептелетін қалаларда болған адамдар.

Жылына 1 рет
5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

4

Ұлы Отан соғысы кезінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кірген бөлімдердің, штабтар мен мекемелердің құрамында полк баласы (тәрбиеленушісі) және теңізші бала ретінде болғандар.

Жылына 1 рет
5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

5

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында шетелдердің аумағында фашистік Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да антифашистік құрамалар құрамында қатысқан адамдар.

Жылына 1 рет
5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

6

Қатынас жолдары халық комиссариаты, Байланыс халық комиссариаты арнайы құрамаларының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтеру құрамының, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Балық өнеркәсiбi комиссариатының, Теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз жолы Бас басқармасының ұшу-көтеру құрамының Ұлы Отан соғысы кезiнде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шептерi, флоттардың жедел іс-қимыл жасау аймақтары шегінде майдандағы армия мен флот мүдделеріне орай мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бастапқы кезінде басқа мемлекеттердiң порттарында тұтқындалған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелері.

Жылына 1 рет
5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

7

Қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен әрі "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған адамдар.

Жылына 1 рет
5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

8

Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындар.

Жылына 1 рет
5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

9

Әскери міндетін орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан, не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде әскери міндетін орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдар.

Жылына 1 рет
5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

10

1944 жылдың 1 қаңтарынан 1951 жылдың 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде Украин Кеңестік Социалистік Республикасы, Беларусь Кеңестік Социалистік Республикасы, Литва Кеңестік Социалистік Республикасы, Латвия Кеңестік Социалистік Республикасы, Эстон Кеңестік Социалистік Республикасы аумақтарында қимыл жасаған халықты қорғаушы жауды жоюшы батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлермен командалық құрамы қатарында болған, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызмет міндетін атқаруға кезінде жаралануы, контузия алуы немесе зақымдануы салдарынан мүгедек болған адамдар.

Жылына 1 рет
5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

11

Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, жергiлiктi әуе қорғанысының объектiлердi өзiн-өзi қорғау топтары мен авариялық командаларының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасы, Ленинград қаласының госпитальдерi мен ауруханаларында қаза тапқан қызметкерлердiң отбасы.

Жылына 1 рет
5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

12

Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедегінің немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамның екінші рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығу, жұмыста мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетіндерді қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы).

Жылына 1 рет
5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

13

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және қалтқысыз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар.

Жылына 1 рет
5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

31 мамыр – "Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні"

1

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы аумағында саяси қуғын-сүргіндерге тікелей ұшыраған және қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын адамдар.

Жылына 1 рет
15 (он бес)
айлық есептік
көрсеткіш

2

Қазақстан Республикасының қазіргі аумағында өздеріне қуғын-сүргіндер қолданылғанға дейін тұрақты өмір сүрген адамдар мына төмеңдегі жағдайларда танылады:
а) бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағынан тысқары жерлерде қуғын-сүргіндерді кеңес соттары мен басқа да органдардың қолдануы;
б) екінші дүниежүзілік соғыс кезінде (жай адамдар мен әскери қызметшілерді) тұрақты армия әскери трибуналдарының айыптауы;
в) Қазақстаннан тысқары жерлерде әскери қызмет атқару үшін шақырылғаннан кейін қуғын-сүргіндердің қолдануы;
г) қуғын-сүргіндерді орталық одақтық органдар: Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Жоғарғы Соты мен оның сот алқаларының, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының айрықша бас саяси Басқарма алқасының, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Ішкі істер халық комиссариаты – Мемлекеттік Қауіпсіздігі министрлігі – Ішкі істер министрлігі жанындағы айрықша кеңестің, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Прокуратурасы мен Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Ішкі істер халық комиссариатының Тергеу Істері жөніндегі комиссиясының және басқа органдар шешімдері бойынша қолдануы;
д) Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, қуғын-сүргіндердің қолданылуы жағдайларында танылады.

Жылына 1 рет
15 (он бес)
айлық есептік
көрсеткіш

3

Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы мемлекеттік өкіметтің жоғары органдарының құжаттары негізінде Қазақстанға және Қазақстаннан күштеу арқылы құқығына қарсы қоныс аударуға ұшыраған адамдар да танылады.

Жылына 1 рет
15 (он бес)
айлық есептік
көрсеткіш

4

Ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен бiрге бас бостандығынан айыру орындарында, айдауда, жер аударуда немесе арнайы қоныс аударуда болған саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының балалары, сондай-ақ қуғын-сүргiн кезiнде он сегiз жасқа толмаған және оның қолданылуы нәтижесiнде ата-анасының немесе олардың біреуінің қамқорлығынсыз қалған саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының балалары танылады.

Жылына 1 рет
7 (жеті)
айлық есептік
көрсеткіш

30 тамыз – "Қазақстан Республикасының Конституциясы күні"

1

Қазақстан Республикасы алдында сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдар, облыстық маңызы бар дербес зейнеткер мәртебесі бар зейнеткерлер, облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматтары.

Жылына 1 рет
10 (он)
айлық есептік
көрсеткіш

2

Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Даңқ, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлері

Жылына 1 рет
10 (он)
айлық есептік
көрсеткіш

3

"Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болған адамдар

Жылына 1 рет
10 (он)
айлық есептік
көрсеткіш

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Ғабит Мүсірепов атындағы
  ауданы мәслихаты
  2021 жылғы 11 қаңтардағы
  № 72-19 Шешіміне
  2- қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы
  Ғабит Мүсірепов атындағы
  ауданда мұқтаж азаматтардың
  жекелеген санаттарына әлеуметтік
  көмек көрсету мөлшерлерін
  анықтау және тізбесін
  белгілеу қағидаларына
  5-қосымша

Өмірде қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру АКТІСІ

      20__ ж. "___ " _______

  ____________________________
  (елді мекен)

      1. Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ________________________________________

      2. Тұратын мекенжайы ____________________________________________

      _______________________________________________________________________

      3. Орын алуына байланысты өтініш беруші әлеуметтік көмекке өтініш берген өмірдегі қиын жағдай _________________________________________________________________________

      4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі) ______________________________________________

      адам, оның ішінде:

р/с №

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туған күні

Өтініш берушіге туыстық қатынасы

Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны)

Жұмыспен қамтылмау себебі

Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсіптік даярлығы (қайта даярлау, біліктілігін арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуы туралы мәліметтер

Өмірдегі қиын жағдай

1

2

3

4

5

6

7

8

      Еңбекке жарамды барлығы _________________________________ адам.

      Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері ____ адам.

      Балалардың саны: _______________________________________________

      олардың ішінен жоғары және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар ______ адам, оқу құны жылына ______ теңге.

      Отбасында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген адамдардың, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдары ардагерлерінің, зейнеткерлердің, 80 жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары бар адамдардың, мүгедектердің, мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты қосу қажет) __________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________

      5. Тұрмыс жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзге көрсету қажет):

      _____________________________________________________________

      Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар:

      ______________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      Отбасының табысы:

р/с №

Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Табыс түрі

Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге)

Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер

тоқсанға

орта есеппен айына

1

2

3

4

5

6

      6. Мыналардың: автокөлігінің болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін құжат, оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс)

      _________________________________________________________________

      ______________ қазіргі уақытта өздері тұрып жатқаннан бөлек өзге тұрғын үйнің болуы (оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс)

      7. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі):

      ______________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзі):

      ______________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киіммен, аяқ киіммен қамтамасыз етілуі ___________________________________________________________

      10. Тұратын жерінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы

      ______________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      Комиссия төрағасы:

      ________________________ ________________________

      Комиссия мүшелері:

      ________________________ ________________________

      ________________________ ________________________

      ________________________ ________________________

      ________________________ ________________________ (қолдары) (тегі, аты, әкесінің аты.)

      Жасалған актімен таныстым: ____________________________________

      Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы

      Тексеру жүргізілуден бас тартқан ______________________ Өтініш берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы __________________________________________________________________________________

      (өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады)

      Күні_______

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады