Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2021 жылғы 17 ақпандағы № 34 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 18 ақпанда № 7138 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Тастемиров

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Ғабит Мүсірепов атындағы
  аудан әкімінің
  2021 жылғы 17 ақпандағы
  № 34 қаулыға
  қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2003 жылғы 18 тамыздағы № 104 "Аудан әкімдігінің резервін пайдалану Ережесі туралы" қаулысы (2003 жылғы 15 қыркүйекте аудандық "Голос Целинника" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1005 болып тіркелген).

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2008 жылғы 14 қарашадағы № 319 "Ғабит Мүсірепов атындағы ауданға тұрақты жұмыс орнына келген дәрігерлерге біржолғы әлеуметтік көмек көрсету" қаулысы (2008 жылғы 15 желтоқсанда аудандық "Новости Приишимья" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-5-85 болып тіркелген).

      3. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 131 "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жергілікті мемлекеттік басқару құрылымының кейбір мәселелері туралы" қаулысы (2015 жылғы 28 сәуірде "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3204 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады