Есіл ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртiбі мен мөлшерін айқындау туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2021 жылғы 7 қазандағы № 11/102 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 15 қазанда № 24779 болып тіркелді

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда – Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 29.09.2022 № 23/259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16- бабы 4) тармақшасына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Есіл ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртiбі мен мөлшері, осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 10.05.2023 № 4/60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Есіл ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы мәслихатының хатшысы
А. Бектасова

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Есіл ауданы мәслихатының
  2021 жылғы 7 қазандағы
  № 11/102 шешіміне
  1-қосымша

Есіл ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 29.09.2022 № 23/259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) ; 10.05.2023 № 4/60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      1. Есіл ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 "Әлеуметтік – еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" бұйрығымен бекітілген "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі-шығындарды өтеу Қағидалары) сәйкес әзірленді.

      2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі-оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқу фактісін растайтын оқу орынының анықтамасы негізінде "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.

      3. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге заңды өкілдеріне беріледі.

      4. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.

      5. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедектігі бар баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедектігі бар баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңі, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы, мүгедектігі бар баланы мемлекеттік немесе жеке медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген кезде, мүгедектігі бар баласы бар отбасының Есіл ауданынан тыс жерге тұрақты тұруға көшуі) төлемдер тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

      6. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін өтініш беруші "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес ақционерлік қоғамы немесе "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) осы шығындарды өтеу Қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса шығындарды өтеу Қағидаларының 1 немесе 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.

      Өтініш беруші оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу бойынша төлемді тағайындау үшін портал арқылы жүгінген кезде ұсынылған мәліметтерді растау және шығындарды өтеу Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес өтініш нысанында көзделген қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды өтініш берушінің өзі жүзеге асырады.

      7. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері әрбір мүгедектігі бар балаға оқу жылына ай сайын үш айлық есептік көрсеткішке тең.

      8. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алудан бас тарту негіздері шығындарды өтеу Қағидаларының 3-қосымшасының тоғызыншы жолында көзделген.

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Есіл ауданы мәслихатының
  2021 жылғы 7 қазандағы
  № 11/102 шешіміне
  2 - қосымша

Есіл ауданы мәслихатының күшін жойған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу туралы" 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 39/238 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3073 болып тіркелген).

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 39/238 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 22 қыркүйектегі № 44/280 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3418 болып тіркелген).

      3. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 39/238 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2017 жылғы 15 мамырдағы № 16/77 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4206 болып тіркелген).

Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Есильском районе

Решение маслихата Есильского района Северо-Казахстанской области от 7 октября 2021 года № 11/102. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 15 октября 2021 года № 24779

      Сноска. Заголовок в редакции решения маслихата Есильского района Северо-Казахстанской области от 29.09.2022 № 23/259 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 4) статьи 16 Закона Республики Казахстан "О социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями", маслихат Есильского района РЕШИЛ:

      1. Определить порядок и размер возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Есильском районе, согласно приложению 1 к настоящему решению.

      Сноска. Пункт 1 в редакции решения маслихата Есильского района Северо Казахстанской области от 10.05.2023 № 4/60 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Признать утратившими силу некоторые решения маслихата Есильского района, согласно приложению 2 к настоящему решению.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Cекретарь маслихата
Есильского района Северо-Казахстанской области
А. Бектасова

  Приложение 1
  к решению маслихата
  Есильского района
  Северо-Казахстанской области
  от 7 октября 2021 года
  № 11/102

Порядок и размер возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Есильском районе

      Сноска. Приложение 1 в редакции решения маслихата Есильского района Северо-Казахстанской области от 29.09.2022 № 23/259 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования) ; от 10.05.2023 № 4/60 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Настоящий порядок и размер возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Есильском районе разработаны в соответствии с Правилами оказания государственной услуги "Возмещение затрат на обучение на дому детей с инвалидностью", утвержденными Приказом Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 25 марта 2021 года № 84 "О некоторых вопросах оказания государственных услуг в социально-трудовой сфере" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 22394) (далее - Правила возмещения затрат).

      2. Возмещение затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану (далее - возмещение затрат на обучение) производится коммунальным государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ акимата Есильского района Северо-Казахстанской области" на основании справки из учебного заведения, подтверждающей факт обучения ребенка с инвалидностью на дому.

      3. Возмещение затрат на обучение (кроме детей с инвалидностью, находящихся на полном государственном обеспечении и детей с инвалидностью, в отношении которых родители лишены родительских прав) предоставляется одному из родителей или иным законным представителям детей с инвалидностью, независимо от доходов семьи.

      4. Возмещение затрат на обучение производится с месяца обращения по месяц окончания срока, указанных в справке из учебного заведения, подтверждающих факт обучения ребенка с инвалидностью на дому.

      5. При наступлении обстоятельств, повлекших прекращение возмещения затрат на обучение (достижение ребенка с инвалидностью восемнадцати лет, окончания срока инвалидности, в период обучения ребенка с инвалидностью в государственных учреждениях, смерть ребенка с инвалидностью, направления ребенка с инвалидностью на проживание в государственные или частные медико-социальные учреждения, переезд семьи с ребенком с инвалидностью на постоянное проживание за пределы Есильского района.), выплата прекращается с месяца, следующего за тем, в котором наступили соответствующие обстоятельства.

      6. Для возмещения затрат на обучение заявитель обращается в уполномоченный орган через некоммерческое акционерное общество "Государственная корпорация "Правительство для граждан" или веб-портал "электронного правительства" (далее – портал) с заявлением по форме согласно приложению 1 или 2 к Правилам возмещения затрат с приложением документов, указанных в перечне основных требований к оказанию государственной услуги "Возмещение затрат на обучение на дому детей с инвалидностью" согласно приложению 3 к Правилам возмещения затрат.

      При обращении заявителя за назначением выплаты по возмещению затрат на обучение посредством портала запрос в информационные системы государственных органов и (или) организаций для подтверждения представленных сведений и получения необходимых сведений, предусмотренных в форме заявления согласно приложению 2 к Правилам возмещения затрат, осуществляется самим заявителем.

      7. Размер возмещения затрат на обучение равен трем месячным расчетным показателям на каждого ребенка с инвалидностью ежемесячно на учебный год.

      8. Основания для отказа в возмещении затрат на обучение предусмотрены строкой девять приложения 3 к Правилам возмещения затрат.

  Приложение 2
  к решению маслихата
  Есильского района
  Северо-Казахстанской области
  от 7 октября 2021 года
  № 11/102

Перечень утративших силу некоторых решений маслихата Есильского района

      1. Решение маслихата Есильского района Северо-Казахстанской области "О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану" от 23 декабря 2014 года № 39/238 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 3073).

      2. Решение маслихата Есильского района Северо-Казахстанской области "О внесении изменений в решение маслихата Есильского района Северо-Казахстанской области от 23 декабря 2014 года № 39/238 "О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану" от 22 сентября 2015 года № 44/280 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 3418).

      3. Решение маслихата Есильского района Северо-Казахстанской области "О внесении изменения в решение маслихата Есильского района Северо-Казахстанской области от 23 декабря 2014 года № 39/238 "О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану" от 15 мая 2017 года № 16/77 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 4206).