"Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының ауылдық елді мекендерінің жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 11 тамыздағы № 17/4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 31 наурыздағы № 4/7 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 2 сәуірде № 7223 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 11-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына және Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 21 маусымдағы № 173 мен Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 21 маусымдағы № 34/7 "Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" бірлескен қаулысы мен шешіміне сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының ауылдық елді мекендерінің жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін бекіту туралы" 2017 жылғы 11 тамыздағы № 17/4 шешіміне (2017 жылғы 19 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4305 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      реттік нөмірі 15-жол алып тасталсын;

      реттік нөмірі 40-жол алып тасталсын;

      реттік нөмірі 63-жол алып тасталсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтістүк Қазақстан облысы Қызылжар
аудандық мәслихаты сессиясының төрағасы
И. Зенченко
      Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар
аудандық мәслихатының хатшысы
Ж. Елеусизов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады