Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 38/2 "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлютка қаласының және Мамлют ауданының ауылдық елді мекендердің жерлерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелеріне үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2021 жылғы 6 мамырдағы № 5/2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 11 мамырда № 7414 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлютка қаласының және Мамлют ауданының ауылдық елді мекендердің жерлерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелеріне үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін бекіту туралы" 2018 жылғы 29 қарашадағы № 38/2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5023 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 4-қосымшасында:

      "Белое ауылдық округі" бағандағы, 4 және 6-тармақ алып тасталсын;

      "Ленин ауылдық округі" бағандағы, "Ленин ауылдық округі" сөздері "Бике ауылдық округі" сөздеріне ауыстырылсын, "Ленин ауылы" сөздері "Бике ауылы" сөздеріне ауыстырылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы
мәслихаты сессиясының төрағасы
А. Сагитова
      Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют
ауданы мәслихатының хатшысы
Р. Нурмуканова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады