Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының 2017 жылғы 12 сәуірдегі № 2-14с "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының 2021 жылғы 4 ақпандағы № 5-2 c шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 8 ақпанда № 7120 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының 2023 жылғы 15 қарашадағы № 13-10 с шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының 15.11.2023 № 13-10 с (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 12 сәуірдегі № 2-14с шешіміне (2017 жылғы 16 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4174 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында көрсетілген шешіммен бекітілген (бұдан әрі – Қағидалар):

      4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы "Ардагерлер туралы" Заңының 17-бабында және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетілді.";

      Қағидалардың 1, 2 және 3-қосымшалары осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      келесі мазмұндағы 20-1- тармақпен толықтырылсын:

      "20-1. Әлеуметтік көмек осы Қағидаларға 3-қосымшасының 24) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша адамның имунитет тапшылығы вирусынан (АИТВ) пайда болған ауруы бар балаларға екі еселік ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде ай сайын көрсетіледі;";

      22- тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;

      22-тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "4) 3-қосымшаның 1)-13) тармақшаларында көрсетілген адамдарды қоспағанда, адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер;";

      мынадай мазмұндағы 6-бөліммен толықтырылсын:

      "6.Лауазымды және мемлекеттік органдардың шешімдері мен әрекеттеріне шағымдану тәртібі

      38. Лауазымды адамдардың әлеуметтік көмек көрсету туралы шешімдеріне, іс-әрекеттеріне шағым, шағым уәкілетті органның басшысына немесе аудандық маңызы бар әкімге беріледі. Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы, немесе мақсатты түрде уәкілетті органның немесе аудандық маңызы бар әкімдіктің кеңсесі арқылы беріледі. Өтініш берушінің уәкілетті органға немесе әкімге келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      39. Қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тәртіптік жаза қолданылады.

      40. Көрсетілген әлеуметтік көмектің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
Уәлиханов аудандық мәслихатының
хатшысы
М. Абдулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімі

       ___________ Қ. Ақсақалов

      2021 жылғы "___"_______

  Уәлиханов аудандық мәслихатының
  2021 жылғы 4 ақпандағы
  № 5-2 c шешіміне
  1-қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы
  Уәлиханов ауданының әлеуметтік
  көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін
  белгілеудің және мұқтаж
  азаматтарының жекелеген
  санаттарының тізбесін айқындаудың
  қағидаларына 1-қосымша

Атаулы күндердің, мереке күндерінің, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің, есілігі және мөлшері

р/с №

Атаулы және мереке күндерінің және әлеуметтік көмекті алушылар санаттарының атауы

Әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі және мөлшері

15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингетінің шығарылған күні

1

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда); оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жіберілген әскери мiндеттiлер; Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi; бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерi; Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерiмен және медальдерымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер

жылына 1 (бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштер

2

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа кезеңдерде атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлер

жылына 1 (бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштер

3

Басқа елдердегі майдандағы әскери контингенттерге қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдарын жүргiзу кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі не ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған тиiстi санаттардағы жұмысшылар мен қызметшiлер

жылына 1 (бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштер 

4

Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасылары

жылына 1 (бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштер

5

1979 жылдың 1 желтоқсан 1989 жылғы желтоқсан аралығындағы кезеңде Ауғанстанға және ұрыс қимылдары жүргiзілген басқа да елдерге жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлер

жылына 1 (бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштер 

6

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Мемлекеттік қауiпсiздiк комитетiнiң Ауғанстан аумағында уақытша болған және кеңес әскерлерiнiң шектеулі контингентінің құрамына енбеген жұмысшылары мен қызметшiлерi

жылына 1 (бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштер

7

Тажікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері

жылына 1 (бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштер

8

Ирақтағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері

жылына 1 (бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштер

9

Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары

жылына 1 (бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштер

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні

1

"Алтын алқа", "Күмiс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелi "Ана даңқы" ордендерiмен наградталған көп балалы аналар

жылына 1 (бір) рет 10 (он) айлық есептік көрсеткіштер

2

Құрамында бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көп балалы отбасылары

жылына 1 (бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштер

26 сәуір – Чернобыль атом электр станциясындағы апатты еске алу күні

1

1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдар

жылына 1 (бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштер

2

Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедек болған адамдар және мүгедектігі ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балалары

жылына 1 (бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштер

3

Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары

жылына 1 (бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштер 

4

Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы обьектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың салдарынан сәуле ауруына шалдығып қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектердің, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен солардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасылары

жылына 1 (бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштер

5

1988-1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда , оқшаулар және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған( өз еркімен кеткен) адамдар

жылына 1 (бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштер

7 мамыр – Отан қорғаушы күні

1

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Қорғаныс министрлiгiнің, iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының әскери мiндеттілер жиындарына шақырылған, қоғамға жат көрiнiстерге байланысты төтенше жағдайлар кезiнде қоғамдық тәртiптi қоргау жөнiндегi міндеттерді орындау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілерінің, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасылары

жылына 1 (бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштер

2

Бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасылары

жылына 1 (бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштер

9 мамыр-Жеңіс күні

1

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері

жылына 1 (бір) рет 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіштер

2

Майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерiне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшiн белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда Ұлы Отан соғысы кезеңiнде қызмет өткерген әскери қызметшiлер, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары

жылына 1 (бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштер

3

Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдар атқарған не сол кезеңдерге майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерiне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшiн белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептелiп жазылған, сол қалаларда болған Қенес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының ерiктi жалдамалы құрамының адамдары

жылына 1 (бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштер

4

Ұлы Отан соғысы кезеңiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк балалары (тәрбиеленушiлері) және юнгалар ретiнде болған адамдар

жылына 1 (бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштер

5

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында шет елдердің аумағында партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да фашизмге қарсы құралымдар құрамында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдар

жылына 1 (бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштері

6

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Қатынас жолдары халық комиссариатының, Байланыс халық комиссариатының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтерілу құрамының, Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз жолы бас басқармасының ұшу-көтерілу құрамының арнаулы құралымдарының Ұлы Отан соғысы кезiңінде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шекаралары, флоттардың жедел аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерi үшін мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында еріксіз ұсталған көлік флоты кемелерi экипаждарының мүшелері

жылына 1 (бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштер

7

Ленинград қаласындағы қоршау кезеңiнде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтар

жылына 1 (бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштер

8

Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде фашистер және олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындар

жылына 1 (бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштер

9

Қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген мемлекеттерде қызметтік мiндеттерін орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары

жылына 1 (бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштер

10

1944 жылғы 1 қаңтар-1951 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде Украин Кеңестік Социалистік Республикасы, Белорусь Кеңестік Социалистік Республикасы, Литва Кеңестік Социалистік Республикасы, Латыш Кеңестік Социалистік Республикасы, Эстон Кеңестік Социалистік Республикасы аумағында болған халықты қорғаушы жойғыш батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлері мен командалық құрамы қатарындағы, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан мүгедек болған адамдар

жылына 1 (бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштер

11

Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, жергiлiктi әуе шабуылына қарсы қорғаныстың объектiлік және авариялық командаларының өзін-өзі қорғау топтарының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасылары, Ленинград қаласының госпитальдары мен ауруханаларының қаза тапқан жұмыскерлерінің отбасылары

жылына 1 (бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштер

12

Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедегінiң немесе женілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестірілген адамның екінші рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығу, жұмыста мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндердi қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы)

жылына 1 (бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштер

13

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар

жылына 1 (бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштер

31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

1

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы аумағында саяси қуғын-сүргіндерге тікелей ұшыраған және қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын азаматтар

жылына 1 (бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштер 

2

Қазақстан Республикасының қазiргi аумағында өздерiне қуғын-сүргiндер қолданылғанға дейiн тұрақты өмiр сүрген адамдар мына төмендегi жағдайларда танылады:
а) бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағынан тысқары жерлерде қуғын-сүргiндердi кеңес соттары мен басқа да органдардың қолдануы;
б) екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде (жай азаматтар мен әскери қызметшiлердi) тұрақты армия әскери трибуналдарының айыптауы;
в) Қазақстаннан тысқары жерлерде әскери қызмет атқару үшiн шақырылғаннан кейiн қуғын-сүргiндердiң қолдануы;
г) қуғын-сүргiндердi орталық одақтық органдар: Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Жоғарғы Соты мен оның сот алқаларының, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Айрықша бас саяси Басқарма алқасының, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Iшкi iстер халық комиссариаты-Мемлекет Қауiпсiздiгi министрлiгi-Iшкi iстер министрлiгi жанындағы айрықша кеңестiң, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Прокуратурасы мен Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы iшкi iстер халық комиссариатының Тергеу Iстерi жөнiндегi комиссиясының және басқа органдар шешiмдерi бойынша қолдануы;
д) Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын азаматтарды қоспағанда, қуғын-сүргіндердің қолданылуы жағдайларында

жылына 1 (бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштер 

3

Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы мемлекеттiк өкiметтiң жоғары органдарының құжаттары негiзiнде Қазақстанға және Қазақстаннан күштеу арқылы құқыққа қарсы қоныс аударуға ұшыраған азаматтар

жылына 1 (бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштер

4

Ата-аналармен немесе олардың орнындағы азаматтармен бiрге бас бостандығынан айыру орындарында, айдауда, жер аударуда немесе арнайы қоныс аударуда болған саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының балалары, сондай-ақ қуғын-сүргiн кезiнде он сегiз жасқа толмаған және оның қолданылуы нәтижесiнде ата-анасының немесе олардың біреуінің қамқорлығынсыз қалған саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының балалары танылады

жылына 1 (бір) рет 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіштер

30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні

1

Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдар, облыстық маңызы бар дербес зейнеткер мәртебесі бар зейнеткерлер, облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматтары

жылына 1 (бір) рет 10 (он) айлық есептік көрсеткіштер

2

Социалистік Еңбек Ерлері , үш дәрежелі Даңк,үш дәрежелі Еңбек Даңкы ордендерінің иегерлері

жылына 1 (бір) рет 10 (он) айлық есептік көрсеткіштер

3

"Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болған адамдар

жылына 1 (бір) рет 10 (он) айлық есептік көрсеткіштер

  Уәлиханов аудандық мәслихатының
  2021 жылғы 4 ақпандағы
  № 5-2 с шешіміне
  2-қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы
  Уәлиханов ауданында әлеуметтік
  көмек көрсету, оның мөлшерлерін
  белгілеу және мұқтаж азаматтардың
  жекелеген санаттарының тізбесін
  айқындау қағидаларына
  2-қосымша

Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алушылар санатының тізбесі, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері, оның еселігі, әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері

р/б№

Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алушылар санаты

Әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері және оның еселігі

Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері

1

Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан жапа шеккен азаматтар (отбасылары)

200 айлық есептік көрсеткіштен асырмай, біржолғы

Өмірлік қиын жағдай туындаған күннен, 6 (алты) айдан кешіктірмей 

  Уәлиханов аудандық мәслихатының
  2021 жылғы 4 ақпандағы
  № 5-2 с шешіміне
  3-қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы
  Уәлиханов ауданында әлеуметтік
  көмек көрсету, оның мөлшерлерін
  белгілеу және мұқтаж азаматтардың
  жекелеген санаттарының тізбесін
  айқындау қағидаларына
  3-қосымша

      Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін негіздемелердің түпкілікті тізбесі

      1) жетімдік;

      2) ата-ана қамқорлығының болмауы;

      3) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның ішінде девиантты мінез-құлық;

      4) туғаннан үш жасқа дейінгі балалардың ерте психофизикалық дамуы мүмкіндіктерінің шектелуі;

      5) дене және (немесе) ақыл-ес мүмкіндіктеріне байланысты организм функцияларының бұзылуы;

      6) әлеуметтік маңызы бар аурулардың және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың алдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі;

      7) жасынан егде тартуына байланысты, ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне-өзі күтім жасай алмауы;

      8) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соқтырған қатегез қарым-қатынас;

      9) баспанасыздық (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар);

      10) бас бостандығын айыру орындарынан босау;

      11) пробация қызметінің есебінде тұруы;

      12) кәмілетке толмағандардың ерекше тәртіпте ұстайтын білім беру ұйымдарында болуы;

      13) адамның (отбасының) ең төмең күнкөріс деңгейі мөлшерінің бір еселік шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысының болуы;

      14) табиғи зілзала немесе өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне залал келтіру;

      15) Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы "Ардагерлер туралы" Заңының 4, 5, 6-баптарында, 7-бабының 3) тармақшасында, 8-бабында көрсетілген ардагерлердің сондай-ақ басқа да адамдардың, сондай-ақ Кариб дағдарысының кезеңінде 1962 жылғы 1 қыркүйектен 1963 жылғы 30 қараша аралығында "Анадырь" әскери-стратегиялық операциясына қатысқан тұлғалардың шот-фактурасын және орындалған жұмыстар актісін ұсынуымен тіс протездеуге мұқтаждығы (бағалы металдар мен металл керамикадан, металл акрилден жасалған протездерден басқа тіс протездеуін қоспағанда);

      16) Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы "Ардагерлер туралы" Заңының 4, 5, 6-баптарында, 7-бабының 3) тармақшасында, 8-бабында көрсетілген ардагерлердің сондай-ақ басқа да адамдардың, сондай-ақ Кариб дағдарысының кезеңінде 1962 жылғы 1 қыркүйектен 1963 жылғы 30 қараша аралығында "Анадырь" әскери-стратегиялық операциясына қатысқан тұлғалардың Қазақстан Республикасының санаторийлерінде және профилакторийлерінде санаторлық-курорттық емделуге мұқтаждығы;

      17) Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы "Ардагерлер туралы" Заңының 4, 5, 6-баптарында, 7-бабының 3) тармақшасында, 8-бабында көрсетілген ардагерлердің сондай-ақ басқа да адамдардың, сондай-ақ Кариб дағдарысының кезеңінде 1962 жылғы 1 қыркүйектен 1963 жылғы 30 қараша аралығында "Анадырь" әскери-стратегиялық операциясына қатысқан тұлғалардың Қазақстан Республикасының коммуналдық төлемақысына және отын сатып алуына мұқтаждығы;

      18) Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы "Ардагерлер туралы" Заңының 4, 5, 6-баптарында, 7-бабының 3) тармақшасында, 8-бабында көрсетілген ардагерлердің сондай-ақ басқа да адамдардың, сондай-ақ Кариб дағдарысының кезеңінде 1962 жылғы 1 қыркүйектен 1963 жылғы 30 қараша аралығында "Анадырь" әскери-стратегиялық операциясына қатысқан тұлғалардың Қазақстан Республикасының шаштараз және монша қызметінің шығындарын өтеуіне мұқтаждығы;

      19) мүгедектерді оңалту жеке бағдарламасы болған жағдайда, барлық топтағы мүгедектерге санаторлық-курорттық емделуге мұқтаждығы;

      20) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жоғары кәсіби білім ұйымдарында мемлекеттік жалпы білім беретін гранттар мен кредиттер иегеоі болмаған оқытудың күндізгі нысанында аз қамтамасыз, етілген азаматтарды оқытуға мұқтаждығы;

      21) Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы "Ардагерлер туралы" Заңының 4, 5, 6-баптарында, 7-бабының 3) тармақшасында, 8-бабында көрсетілген ардагерлердің сондай-ақ басқа да адамдардың, Семей ядролық полигоны аймағында зардап шеккен тұлғалардың және Кариб дағдарысының кезеңінде 1962 жылғы 1 қыркүйектен 1963 жылғы 30 қараша аралығында "Анадырь" әскери-стратегиялық операциясына қатысқан тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында жол журу құжатын ұсынуымен теміржол (плацкартты вагон), жолаушылар тасымалдайтын автомобиль көлігінің (таксиден басқа) бір түрімен журу станциясынан ауруханаға жатқызылатын жерге дейін және кері жол жүруге мұқтаждығы;

      22) амбулаторлық емделуде жатқан азаматтарда туберкулездің белсенді түрінің болуы;

      23) онкологиялық дертке шалдыққан адамдардың, мүмкіндігі шектеулі балалардың Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының аумағында жөнелту стансасынан ауруханаға жатқызылатын жерге дейін және кері қарай көрсетілген көлік құралдары түрінің бірімен, әуе, теміржол (плацкарт вагон), автомобиль жолаушылар көлігімен (таксиден басқа) жол жүруге мұқтаждығы;

      24) денсаулық сақтау мекемесінен анықтама ұсынуымен, ауруы адамның имунитет тапшылығы вирусынан (АИТВ) туындаған балалардға қосымша күшейтілген тамақтануға және тұрақты күтімге мұқтаждығы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады