Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Приишим селолық округі әкімінің 2010 жылғы 22 қыркүйектегі № 6 "Шал ақын ауданы Приишим селолық округінің Бірлік ауылының құрамдас бөліктеріне атау беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Приишим ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 18 қаңтардағы № 4 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 19 қаңтарда № 7093 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына сәйкес, Приишим ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Приишим селолық округі әкімінің "Шал ақын ауданы Приишим селолық округінің Бірлік ауылының құрамдас бөліктеріне атау беру туралы" 2010 жылғы 22 қыркүйектегі № 6 шешіміне (2010 жылы 12 қарашадағы "Новатор", "Парыз" аудандық газеттерінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13-14-108 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      шешiмнің қазақ тілдегі деректемелерінде және бүкіл мәтіні бойынша "селолық" сөзі тиісінше "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын;

      шешімнің орыс тіліндегі деректемелері мен мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Приишим ауылдық округі әкімі А. Хабдулин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады