Құлсары қаласы аумағында ішкі сауда субъектілеріне автодүкендерде және (немесе) шатырларда (павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды айқындау туралы

Жаңа

Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 21 сәуірдегі № 133 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 23 сәуірде № 4936 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 8 бабы 2) және 3) тармақшаларына және 27 бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес, Жылыой ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Құлсары қаласы аумағында ішкі сауда субъектілеріне автодүкендерде және (немесе) шатырларда (павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Жылыой ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 03 қазандағы № 372 "Құлсары қаласы аумағында сауда қызметі субъектілеріне автодүкендерде және (немесе) шатырларда (павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін бөлінген арнайы орындарды белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3970 болып тіркелген, 2017 жылғы 07 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. Қондыбаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жылыой ауданының әкімі Х. Жамалов

  Жылыой ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 21 сәуірдегі № 133 қаулысына қосымша

Құлсары қаласы аумағында ішкі сауда субъектілеріне автодүкендерде және (немесе) шатырларда (павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар

Арнайы бөлінген орындар

Сауда орындарының саны

1

М.Кенғанов көшесі, 3 ықшам аудан, № 7 үйдің алды

13

2

"Атырау облысы Білім беру басқармасының Жылыой ауданы білім бөлімінің "№ 1 жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарсы, Махамбет даңғылының бойы

4

3

С. Датов көшесі, "Атырау облысы Білім беру басқармасының Жылыой ауданы білім бөлімінің "№ 20 жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен "Талғат" дүкенінің маңы

10

4

М. Таңқыбаев көшесі, "Пирамида" дүкенінің маңы

10

5

Ж. Аймауытов көшесі, "Ақ Отау" мейрамханасының алды

10

6

І. Сариев көшесі, "Армада" көлік жуу орталығының маңы

5

7

Д. Алдахов көшесі, "Гелиос" жанармай бекетінің маңы

5

8

Р. Балмұханов көшесі, "Самал" банкет залының маңы

5

9

"Автодорожник" ықшам ауданы, "Атырау облысы Білім беру басқармасының Жылыой ауданы білім бөлімінің "Өркен" бөбекжай-бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының маңы

5

10

Ж. Надиров көшесі, "Набат" дүкеніне қарсы

5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады