Махамбет ауданы аумағында ішкі сауда субъектілеріне автодүкендерде және (немесе) шатырларда (павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін 2021 жылға арнайы бөлінген орындарды айқындау туралы

Жаңа

Атырау облысы Махамбет аудандық әкімдігінің 2021 жылғы 13 қаңтардағы № 1 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 19 қаңтарда № 4880 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 8-бабының 2) және 3) тармақшаларына және 27-бабына сәйкес, Махамбет аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Махамбет ауданы аумағында ішкі сауда субъектілеріне автодүкендерде және (немесе) шатырларда (павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін 2021 жылға арнайы бөлінген орындар қосымшаға сәйкес айқындалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Сейтқалиевке жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Махамбет ауданының әкімі Ж. Ахметов

  Махамбет аудандық әкімдігінің 2021 жылғы 13 қаңтардағы № 1 қаулысына қосымша

Махамбет ауданы аумағында сауда қызметі субъектілеріне автодүкендерде және (немесе) шатырларда (павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар

Елді-мекен атауы

Арнайы бөлінген орындар

Саны

Сауда жүргізу мерзімі

1

Махамбет

"Жастар" демалыс саябағы алаңы

50

31.12.2021 жылға дейін

2

Сарытоғай

Соңғы аялдаманың сол жақ бетіндегі алаңның 50 метр радиус шегінде

20

31.12.2021 жылға дейін

3

Ақжайық

Махамбет көшесіндегі №19 ғимаратының алдынан 50 метр радиус шегінде

15

31.12.2021 жылға дейін

4

Алға

"Мұра" өндіріс кооперативінің ескі ғимаратының алдынан 50 метр радиус шегінде

15

31.12.2021 жылға дейін

5

Ақтоғай

"Ақтоғай ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Ақтоғай ауылының "Жас дәурен" бөбекжайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны ғимаратының батыс жақ жанынан 50 метр радиус шегінде

15

31.12.2021 жылға дейін

6

Бақсай

Махамбет Есенбаев көшесіндегі №24А ғимаратының қасындағы арнайы дайындалған орында

15

31.12.2021 жылға дейін

7

Бейбарыс

Пошта бөлімшесінің алдынан 50 метр радиус шегінде

20

31.12.2021 жылға дейін

Талдыкөл

"Махамбет аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Талдыкөл орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының кірме қақпасынан 50 метр радиус шегінде

10

31.12.2021 жылға дейін

Аққайың

Т.Рысқұлов көшесіндегі №1 үйінің алдынан 50 метр радиус шегінде

10

31.12.2021 жылға дейін

8

Есбол

"Ерасыл" азық-түлік дүкенінің сол жақ жанынан 50 метр радиус шегінде

10

31.12.2021 жылға дейін

Ортақшыл

"Есбол ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдынан 50 метр радиус шегінде

15

31.12.2021 жылға дейін

Еңбекшіл

"Табия" азық-түлік дүкеннінің жол жағынан 50 метр радиус шегінде

10

31.12.2021 жылға дейін

9

Сарайшық

"Махамбет аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қазмұхамбед Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жақ жанынан 50 метр радиус шегінде

20

31.12.2021 жылға дейін

10

Жалғансай

"Рашид" дүкенінің алдынан 30 метр радиусы

15

31.12.2021 жылға дейін


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады