"Матен Петролеум" акционерлік қоғамына шектеулі нысаналы мақсатта (қауымдық сервитут) жер пайдалану құқығын белгілеу туралы

Жаңа

Атырау облысы Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 22 ақпандағы № 29 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 26 ақпанда № 4892 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17 бабының 5-1) тармақшасына және 69 бабының 4 тармағының 2-1 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қосымшаға сәйкес, "Матен Петролеум" акционерлік қоғамына Қызылқоға ауданы, Мәтен кен орнынан жалпы көлемі 374,87 гектар жер учаскесі шектеулі нысаналы мақсатта (қауымдық сервитут) жер пайдалану құқығын 2043 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Тұрдағалиевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылқоға ауданының әкімі Н. Бисембиев

  Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 22 ақпандағы № 29 қаулысына қосымша

"Матен Петролеум" акционерлік қоғамына Қызылқоға ауданы, Мәтен кен орнынан шектеулі нысаналы мақсатта (қауымдық сервитут) жер пайдалану құқығымен белгіленетін жер учаскелерінің тізімі

Орналасқан жері

Пайдалану мақсаты

Жалпы көлемі (га)

1

Қызылқоға ауданы, Мәтен кен орны

Газ құбыры үшін

187,25

2

Қызылқоға ауданы, Мәтен кен орны

Мұнай құбыры үшін

187,62

Барлығы:

374,87


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады