Құрманғазы ауданының кейбір елді мекендерінің шекараларын белгілеу туралы

Жаңа

Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 127-VII шешімі және Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 360 бірлескен қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 27 қаңтарда № 26651 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабының 3) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6, 31 баптарына сәйкес, Құрманғазы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Құрманғазы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Жалпы аумағы 245,97 гектар және ұзындығы 7581,49 метр болатын Кудряшов ауылдық округі, Кудряшов ауылының шекарасы белгіленсін.

      2. Жалпы аумағы 293,54 гектар және ұзындығы 10321,80 метр болатын Орлы ауылдық округі, Орлы ауылының шекарасы белгіленсін.

      3. Жалпы аумағы 307,58 гектар және ұзындығы 8630,66 метр болатын Мақаш ауылдық округі, Алға ауылының шекарасы белгіленсін.

      4. Жалпы аумағы 39,72 гектар және ұзындығы 3271,93 метр болатын Жаңаталап ауылдық округі, Үлкен Күйген ауылының шекарасы белгіленсін.

      5. Жалпы аумағы 375,22 гектар және ұзындығы 9443,66 метр болатын Жаңаталап ауылдық округі, Хиуаз ауылының шекарасы белгіленсін.

      6. Жалпы аумағы 395,54 гектар және ұзындығы 12011,09 метр болатын Еңбекші ауылдық округі, Жұмекен ауылының шекарасы белгіленсін.

      7. Жалпы аумағы 393,89 гектар және ұзындығы 14373,50 метр болатын Еңбекші ауылдық округі, Даулеткерей ауылының шекарасы белгіленсін.

      8. Жалпы аумағы 83,22 гектар және ұзындығы 10366,43 метр болатын Дыңғызыл ауылдық округі, Ғизат Әліпов ауылының шекарасы белгіленсін.

      9. Жалпы аумағы 168,91 гектар және ұзындығы 5594,29 метр болатын Шортанбай ауылдық округі, Жасталап ауылының шекарасы белгіленсін.

      10. Жалпы аумағы 92,58 гектар және ұзындығы 6552,31 метр болатын Сүйіндік ауылдық округі, Егінқұдық ауылының шекарасы белгіленсін.

      11. Жалпы аумағы 120,00 гектар және ұзындығы 4598,33 метр болатын Азғыр ауылдық округі, Азғыр ауылының шекарасы белгіленсін.

      12. Жалпы аумағы 141,65 гектар және ұзындығы 7281,80 метр болатын Жаңаталап ауылдық округі, Шағырлы ауылының шекарасы белгіленсін.

      13. Осы бірлескен қаулы және шешімнің орындалуын бақылау Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасарына (Н. Калиев) жүктелсін.

      14. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Атырау облысы Құрманғазы
ауданның әкімі
М. Мурзиев
      Аудандық мәслихат хатшысы Б. Жугинисов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады