Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 4 қарашадағы № 253 "Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың Қағидаларын бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2021 жылғы 1 шілдедегі № 147 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 9 шілдеде № 23421 болып тіркелдi

      ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың Қағидаларын бекіту туралы" Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 4 қарашадағы № 253 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5240 болып тiркелген) өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың Қағидаларында:

      31-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "31. Қарыз беру үшін кәсіпкерлік субъектілерін Комиссия кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын мынадай талаптарға (өлшемшарттарға) сәйкес айқындайды:

      1) кепілдікке қойылатын мүліктің немесе банк кепілдігінің болуы;

      2) өтінімді қарау кезінде банкроттық немесе тарату сатысында болмауы;

      3) өтінімді қарау кезінде жосықсыз өнім берушілер тізілімінде болмауы.".

      2. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Ұ.Қ.Тәжібаевқа жүктелсiн.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Түркістан облысының әкімі У. Шукеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады