Түркістан облысы бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту туралы

Жаңартылған

Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 13/129-VIІ шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 22 желтоқсанда № 25922 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 38-бабының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 27 тамыздағы № 470 "Ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24170 болып тіркелген), Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Түркістан облысы бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшері бекітілсін:

      1) ауызсуды есепке алу аспаптары бар тұтынушылар үшін - 70 теңге;

      2) ауызсуды есепке алу аспаптары жоқ тұтыншулар үшін - 80 теңге.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Түркістан облыстық мәслихатының 11.04.2024 № 9/133-VIII (01.07.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Осы шешімнің 1-тармағының 1) және 2) тармақшалары оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 16 тамыздан бастап туындағын қатынастарға таратылады және 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін әрекет етеді, осы шешімнің 1-тармағының 3) және 4) тармақшалары 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Түркістан облыстық
      мәслихатының хатшысы К. Балабиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады