Ауылдық жерде жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларына ұсынылатын сұранысқа ие мамандардың лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Мақтаарал ауданы әкiмдiгiнiң 2021 жылғы 31 наурыздағы № 190 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2021 жылғы 1 сәуірде № 6134 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Мақтаарал ауданы әкiмдiгiнiң 2022 жылғы 1 тамыздағы № 473 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Мақтаарал ауданы әкiмдiгiнiң 01.08.2022 № 473 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" № 148 Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығымен бекітілген "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" қағидаларының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1043 "Денсаулық сақтау жүйесінің кейбір салаларындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Мақтаарал ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешенсаласындағы мамандардың, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерінің сұранысқа иелауазымдарының тізбесі № 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7-қосымшаларға сәйкес белгіленсін.

      2. "Мақтаарал ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесіне тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулының Мақтаарал ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Төребековке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Асанов

  Мақтаарал ауданы әкiмдiгiнiң
2021 жылғы 31 наурыздағы
№ 190 қаулысына 1-қосымша

Денсаулық сақтау саласындағы сұранысқа ие мамандықтар тізімі

Мамандықтар

1

Барлық санаттағы және санаты жоқ мамандықтағы дәрігерлер

2

Барлық санаттағы және санаты жоқ мейіргерлер

3

Провизор (фармацевт)

4

Денсаулық сақтау саласындағы сарапшы-маман

5

Зертхана маманы

6

Қоғамдық денсаулық сақтау маманы (эпидемиолог, статист, әдіскер)

7

Барлық санаттағы және санаты жоқ фельдшерлер

8

Барлық санаттағы және санаты жоқ акушерлер

9

Әлеуметтік қызметкер

10

Психолог маман

11

Зертханашы (медициналық)

12

Тіс дәрігері (дантист)

13

Тіс технигі (тіс протездеу бөлімшесінің, кабинетінің зертханашысы)

14

Стоматолог - дәрігердің көмекшісі (стоматологтың ассисенті)

15

Рентген зертханашысы

16

Емдік денешынықтыру жөніндегі нұсқаушы

17

Стоматологиялық гигиенист

18

Оптик және оптикометрист

19

Диеталық мейіргер

20

Медициналық тіркеуші

21

Техник-дозиметрист

22

Нұсқаушы-дезинфектор

 
  Мақтаарал ауданы әкiмдiгiнiң
2021 жылғы 31 наурыздағы
№ 190 қаулысына 2-қосымша

Білім беру саласындағы сұранысқа ие мамандықтар тізімі

Мамандықтар

1

Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы (түзету) және мамандандырылған білім беру ұйымдарының барлық санаттағы және санаты жоқ мамандықтағы мұғалімдері

2

Барлық санаттағы және санаты жоқ мұғалім-дефектолог (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог)

3

Барлық санаттағы және санаты жоқ мұғалім-логопед

4

Барлық санаттағы және санаты жоқ бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы

5

Барлық санаттағы және санаты жоқ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өндіріске үйрету шебері

6

Аккомпаниатор (сүйемелдеуші) (негізгі қызметтердің)

7

Концертмейстер (негізгі қызметтердің)

8

Тәлімгер

9

Тәрбиеші

10

Әдіскер (негізгі қызметтердің)

11

Жүзу бойынша нұсқаушы (негізгі қызметтердің)

12

Дене шынықтыру жетекшісі (негізгі қызметтердің)

13

Музыкалық жетекші (негізгі қызметтердің)

14

Қосымша білім беретін педагог

15

Ұйымдастырушы педагог

16

Хореограф (негізгі қызметердің)

17

Жаттықтырушы-оқытушы

18

Барлық санаттағы және санаты жоқ әлеуметтік қызметкер

19

Кітапханашы

20

Дәрігер

21

Мейірбике, мейіргер

 
  Мақтаарал ауданы әкiмдiгiнiң
2021 жылғы 31 наурыздағы
№ 190 қаулысына 3-қосымша

Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы сұранысқа ие мамандықтар тізімі

Мамандықтар

1

Барлық санаттағы және санаты жоқ дәрігерлер

2

Барлық санаттағы және санаты жоқ мейіргерлер

3

Диеталық мейіргер

4

Барлық санаттағы және санаты жоқ акушер

5

Барлық санаттағы және санаты жоқ фельдшер

6

Фармацевт

7

Барлық санаттағы және санаты жоқ мұғалімдер (барлық мамандықтағы)

8

Әдіскер

9

Тәрбиеші

10

Зертханашы (медициналық)

11

Логопед

12

Психолог

13

Дефектолог

14

Жүзу жөніндегі нұсқаушы

15

Еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы

16

Райттерапия (иппотерапия) жөніндегі нұсқаушы-әдіскер

17

Емдік терапия жөніндегі нұсқаушы

18

Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман

19

Әлеуметтік қызметкер (барлық атаудағы)

20

Мәдени ұйымдастырушы

21

Музыкалық жетекші

 
  Мақтаарал ауданы әкiмдiгiнiң
2021 жылғы 31 наурыздағы
№ 190 қаулысына 4-қосымша

Мәдениет саласындағы сұранысқа ие мамандықтар тізімі

Мамандықтар

1

Барлық санаттағы және санаты жоқ аккомпаниатор

2

Барлық санаттағы және санаты жоқконцертмейстр

3

Барлық санаттағы және санаты жоқ аккомпаниатор – концертмейстр

4

Барлық атаудағы әртістері

5

Музейлер қорын есепке алу архивисті

6

Археограф (негізгі қызметтер)

7

Режиссер ассистенті

8

Кітапханашы

9

Дирижер

10

Дыбыс режиссері

11

Мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер)

12

Барлық атаудағы әдістемеші

13

Ұжым (үйірме) басшысы

14

Музыкалық жетекші

15

Музыкалық әрлеуші

16

Палеограф

17

Продюсер

18

Режиссер

19

Қоюшы режиссер

20

Хореограф

21

Қор сақтаушы

22

Барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер)

23

Экскурсовод

24

Мұражай қараушысы

25

Барлық санаттағы және санаты жоқ мұғалімдер

 
  Мақтаарал ауданы әкiмдiгiнiң
2021 жылғы 31 наурыздағы
№ 190 қаулысына 5-қосымша

Спорт саласындағы сұранысқа ие мамандықтар тізбесі

Мамандықтар

1

Барлық санаттағы және санаты жоқ мұғалімдер

2

Барлық санаттағы және санаты жоқ жаттықтырушы

3

Барлық санаттағы және санаты жоқ әдіскер

4

Барлық санаттағы және санаты жоқ жаттықтырушы-оқытушы

5

Барлық санаттағы және санаты жоқ нұсқаушы-спортшы

6

Барлық санаттағы және санаты жоқ жаттықтырушы-массажшы

7

Барлық санаттағы және санаты жоқ жаттықтырушы-майлаушы

8

Хореограф

9

Барлық санаттағы және санаты жоқ дәрігер

10

Барлық санаттағы және санаты жоқ мейіргер

 
  Мақтаарал ауданы әкiмдiгiнiң
2021 жылғы 31 наурыздағы
№ 190 қаулысына 6-қосымша

Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы сұранысқа ие мамандық тізімі

Мамандықтар

1

Ветеринарлық дәрігер

2

Зертхананың ветеринариялық дәрігері

3

Зертханашы

4

Зоотехник

5

Бактериолог

6

Вирусолог

7

Ветеринариялық фельдшер

8

Жануарларды қолдан ұрықтандыру жөніндегі техник

 
  Мақтаарал ауданы әкiмдiгiнiң
2021 жылғы 31 наурыздағы
№ 190 қаулысына 7-қосымша

Мақтаарал ауданының кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппаратарының мемлекеттік қызметшілерінің сұранысқа ие мамандықтар тізімі

Мамандықтар

1

Әкім көмекшісі

2

Бас маман

3

Жетекші маман


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады