Шардара ауданы бойынша елді мекендердің шегін өзгерту туралы

Жаңа

Түркістан облысы Шардара аудандық мәслихатының 2021 жылғы 31 наурыздағы № 3-21-VII бірлескен шешiмi және Түркістан облысы Шардара ауданы әкiмдiгiнiң 2021 жылғы 1 сәуірдегі № 116 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2021 жылғы 9 сәуірде № 6155 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 108-бабының 1, 5 тармақтарына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабының 3) тармақшасына сәйкес, Шардара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шардара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шардара аудандық жер қатынастары бөлімі мен сәулет және қала құрылысы бөлімінің бірлескен ұсынысына сәйкес, елді мекендердің шекаралары өзгертілсін:

      1) 74,98 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Достық ауылдық округі Достық елді мекенінің жалпы ауданы 275,53 гектар;

      2) 60,0 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Алатау батыр ауылдық округі Целинное елді мекенінің жалпы ауданы 101,56 гектар;

      3) 31,74 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Қоссейіт ауылдық округі Қоссейіт елді мекенінің жалпы ауданы 304,24 гектар.

      2. "Шардара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен қаулы мен шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы бірлескен қаулы мен шешімді Шардара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау Шардара ауданы әкімінің орынбасары А.Таженовке жүктелсін.

      4. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі К. Жолдыбай
      Аудандық мәслихат хатшысы А. Карсыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады