Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 1 сәуірдегі № 94 "Тұқым шаруашылығын дамытуға 2021 жылға субсидиялауға арналған бюджет қаражаттарының көлемдерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № 333 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 2 желтоқсанда № 25493 болып тіркелді

      Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 1 сәуірдегі № 94 "Тұқым шаруашылығын дамытуға 2021 жылға субсидиялауға арналған бюджет қаражаттарының көлемдерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8574 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Е.А. Нұрбаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысы әкімі Д. Ахметов

  Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2021 жылғы 22 қарашадағы
№ 333 қаулысына қосымша
  Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2021 жылғы 1 сәуірдегі
№ 94 қаулысына қосымша

Тұқым шаруашылығын дамытуға 2021 жылға субсидиялауға арналған бюджет қаражаттарының көлемдері

Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға қажет етілетін ақшалай қаражат барлығы (мың теңге)

оның ішінде (мың теңге)

бірегей тұқым

элиталық тұқым

бірінші репродукция тұқымдары

бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары

 
2 220 523,0

5 418,0

194 155,0

141 928,141

1 879 021,859


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады