Алтай ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері және оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы

Жаңартылған

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы мәслихатының 2021 жылғы 21 қазандағы № 8/5-VII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 5 қарашада № 25020 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 "Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 болып тіркелген) сәйкес, Алтай ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері және оларды алушылар санаттарының тізбесі осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес айқындалсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алтай ауданының мәслихат хатшысы Л. Гречушникова

  Алтай
ауданының мәслихатының
2021 жылғы 21 қазандағы
№ 8/5-VII шешіміне 1-қосымша

Тұрғын үй сертификатының мөлшері

      1. Қарыз сомасынан 10 %, алайда әлеуметтік көмек түрі ретінде 1,5 млн. (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.

      2. Қарыз сомасынан 10 %, алайда әлеуметтік қолдау түрі ретінде 1,5 млн. (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.

  Алтай
ауданының мәслихатының
2021 жылғы 21 қазандағы
№ 8/5-VII шешіміне 2- қосымша

Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы мәслихатының 13.10.2023 № 6/3-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

     №

Санаттар тізбесі

1

Мүгедектігі бар балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар.

2

"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар.

3

Толық емес отбасылар.

4

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 мамырдағы бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32546 болып тіркелген) еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша статистикалық байқауларды талдау негізінде, сондай-ақ Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларына сәйкес қалыптастырылатын еңбек ресурстарының болжамын ескере отырып айқындалатын сұранысқа ие денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт және әлеуметтік қамсыздандыру мамандары.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады