Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 38-3 "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттар, медициналық бұйымдар және мамандандырылған емдік өнімдерді қосымша беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 6-5 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 15 қазанда № 24775 болып тіркелді

      Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттар, медициналық бұйымдар және мамандандырылған емдік өнімдерді қосымша беру туралы" 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 38-3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6407 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Батыс Қазақстан облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы";

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Батыс Қазақстан облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, оның ішінде дәрілік заттар, арнайы емдік өнімдер, медициналық бұйымдар осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес қосымша тегін берілсін.";

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасына осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат хатшысының
міндетін атқарушы
М. Мукаев

  Мәслихаттың
2021 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 6-5 шешіміне қосымша
  Мәслихаттың
2020 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 38-3 шешіміне 1-қосымша

Батыс Қазақстан облысы азаматтарының жекелеген санаттарына қосымша тегін
берілетін амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген
көлемі, оның ішінде дәрілік заттар, арнайы емдік өнімдер, медициналық бұйымдар

Аурулар

Халық санаты

Дәрілік заттарды, арнайы емдеу өнімдерді және медициналық бұйымдарды тағайындау үшін айғақтар (дәрежесі, сатысы, ауыр ағым)

Дәрілік заттардың (шығару нысаны), арнайы емдеу өнімдердің және медициналық бұйымдардың атауы

1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі дәрілік заттар

1.

Созылмалы жүрек функциясының жеткіліксіздігі

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Сакубитрил + Валсартан қабығымен қапталған таблеткалар; Эплеренон қабығымен қапталған таблеткалар






2.

Ювенильдық артрит

Диспансерлік есепте тұрған балалар

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Тоцилизумаб инфузиялық ерітінді дайындауға арналған концентрат, тері астына енгізуге арналған ерітінді; Адалимумаб, инъекцияға арналған ерітінді, тері астына енгізуге арналған ерітінді; Анакинра, шприцте алдын ала толтырылған инъекцияға арналған ерітінді; Канакинумаб, бұлшықет ішіне және тері астына енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат, тері астына енгізу үшін ерітінді

3.

Ағзалар мен тіндерді ауыстырып қондырғаннан кейінгі жағдай

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Тенофовир үлбірлі қабығымен қапталған таблеткалар

4.

Кистозды фиброз (Муковисцидоз)

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Ауырлық дәрежесіне қарамастан барлық түрі

Тобрамицин, ингаляцияға арналған ерітінді, капсулаларда ингаляцияға арналған ұнтақ; Урсодезоксихолий қышқылы, капсула; Колестинметат натрий, ингаляция үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ

5.

Буллездік эпидермолиз

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Декспантенол аэрозоль, сыртқа қолдануға арналған крем, жақпамай, көз гелі, Аллантоин кремі, Диацереина капсулалар

6.

Ювенильдық дерматомиазит

Диспансерлік есепте тұрған балалар

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Адамның қалыпты G иммуноглобулині, инфузияға арналған ерітінді;Метотрексат, инъекцияға арналған ерітінді; Метилпреднизолон, таблеткалар

7.

Целиакия

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Панкреатин, құрамында минимикросфералар бар ішекте еритін қабықпен қапталған капсулалар

8.

Балалар церебралды сал ауруы

Диспансерлік есепте тұрған балалар

Бейінді мамандардың қатысуымен медициналық ұйымдардың дәрігерлік-консультациялық комиссиясының шешімі бойынша

Ботулиндік токсин А типі кешені –гемагглютинин, бұлшықет ішіне және тері астына енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат

9.

Созылмалы С вирустық гепатиті

Диспансерлік есепте тұрған балалар

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Софосбувир +Ледипасвир, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар

10.

Гемотологиялық аурулар, гемобластоза және апластикалық анемияны қоса алғанда

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Верификацияланған диагнозда ауыртпалықтың барлық сатылары мен дәрежелері

Третиноин, капсулалар

11.

Қан ұю факторларының тұқым қуалаушылық тапшылығы

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Бейінді мамандардың қатысуымен медициналық ұйымдардың дәрігерлік-консультациялық комиссиясының шешімі бойынша

Қан ұюының VIII факторы және Виллебранд факторы вена ішіне енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған құтыдағы лиофилизат

12.

Аяқталмаған остеогенез

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Туа біткен аномалия (қан ақаулары), қисаю және хромосомдық бұзылыстар

Ибандрон қышқылы, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, көктамыр ішіне инъекцияға арналған ерітінді; Памидрон қышқылы, инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат

13.

Жүректің ишемиялық аурулары

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Бейінді мамандардың қатысуымен медициналық ұйымдардың дәрігерлік-консультациялық комиссиясының шешімі бойынша

Ривароксабан, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар

14.

Эпилепсия

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Бейінді мамандардың қатысуымен медициналық ұйымдардың дәрігерлік-консультациялық комиссиясының шешімі бойынша

Вигабатрин, қабығымен қапталған таблетка; Зонисамид, капсула

15.

Жүйелі беріштену (жүйелі склеродермия)

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Бейінді мамандардың қатысуымен медициналық ұйымдардың дәрігерлік-консультациялық комиссиясының шешімі бойынша

Тоцилизумаб инфузиялық ерітінді дайындауға арналған концентрат, тері астына енгізуге арналған ерітінді

16.

Жүйелі қызыл жегі

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Бейінді мамандардың қатысуымен медициналық ұйымдардың дәрігерлік-консультациялық комиссиясының шешімі бойынша

Ритуксимаб, венаішілік инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат, тері астына енгізуге арналған ерітінді

17.

Мұрынжұтқынщақтың қатерлі ісігі

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Интерферон бета-1b, инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат

18.

Шегрен ауруы

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Азатиоприн, таблетка

19.

Оптиконевромиелит (Девик ауруы)

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Ритуксимаб, венаішілік инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат, Азатиоприн, таблетка

20.

Ұйқы безінің басқа туа біткен ауытқулары

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Диазоксид, капсулалар

21.

Жұлын бұлшықетінің атрофиясы

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Бейінді мамандардың қатысуымен медициналық ұйымдардың дәрігерлік-консультациялық комиссиясының шешімі бойынша

Нусинерсен, интратекальді енгізуге арналған ерітінді (спинраза)

2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі медициналық бұйымдар

1.

Буллездік эпидермолиз

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Құрамында дәрі бар зарарсыз таңғыш, зарарсыз бактерияға қарсы атравматикалық сіңгіш таңғыштар, Дәке (жоғарысозымды бекіткіш, торлы, мақталы синтетикалық), Силиконды жабыстырғыш, Қорғаныш крем, көбік, гель, бальзам, құрамында дәрі бар жақпамай, Эммолиенттер, Антисептиктер, Зарарсыз мақталы дискілер, Зарарсыз инелер апирогенді, Майлықтар (зарарсыз, ылғалды гигиеналық)

2.

Көмей және трахея стенозы

Диспансерлік есепте тұрған балалар

Бейінді мамандардың қатысуымен медициналық ұйымдардың дәрігерлік-консультациялық комиссиясының шешімі бойынша

Трахеостомиялық түтік; Аспирациялық катетер

3. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі мамандандырылған емдік өнімдер

1.

Кистозды фиброз (Муковисцидоз)

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Ауырлық дәрежесіне қарамастан барлық түрі

Ортатізбелі триглициридтер негізіндегі арнаулы емдік өнімдер

2.

Буллездік эпидермолиз

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Ортатізбелі триглициридтер негізіндегі арнаулы емдік өнімдер

3.

Целиакия

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Глютенсіз мамандандырылған емдік өнімдер


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады