Орал қаласы бойынша автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарын белгілеу және автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2021 жылғы 6 сәуірдегі № 4-2 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 8 сәуірде № 6935 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Орал қаласы бойынша автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары белгіленсін және автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелері автотұрақтар (паркингтер) санатына қарай ұлғайтылсын.

      2. Автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген басқа санаттағы жерлерге салықты есептеу кезінде, жерлеріне базалық мөлшерлемелер қолданылатын жақын жатқан елді мекен Орал қаласы болып айқындалсын.

      3. Орал қалалық мәслихат аппаратының басшысы (С.Давлетов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы С. Бахишева
      Орал қалалық мәслихатының хатшысы Е. Калиев

  Орал қалалық мәслихатының
2021 жылғы 6 сәуірдегі № 4-2
шешіміне қосымша

Орал қаласы бойынша автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары және автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерінің ұлғайтылуы

Автотұрақтардың (паркингтердің) түрлері

Автотұрақтар (паркингтер) санаттары

Орал қаласы бойынша автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелері

Базалық мөлшерлемелерінің ұлғайтылуы

1.

Ашық түрдегі автотұрақтар (паркингтер)

1 санат

5,79

он есе

2.

Жабық түрдегі автотұрақтар (паркингтер)

2 санат

5,79

он есе


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады