Орал қаласы бойынша ішкі су көлігімен әлеуметтік мәні бар тасымалдауларды айқындау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 16 қарашадағы № 2770 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 18 қарашада № 25207 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының "Ішкі су көлігі туралы" Заңының 1-бабының 2-1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 154 "Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылар шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11763 тіркелген) бұйрығына сәйкес, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Орал қаласы бойынша ішкі су көлігімен әлеуметтік мәні бар тасымалдаулар айқындалсын.

      2. "Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Кульбаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Орал қаласының әкімі А. Шыныбеков

  2021 жылғы 16 қарашадағы № 2770
әкімдіктің қаулысына қосымша

Орал қаласы бойынша ішкі су көлігімен әлеуметтік мәні бар тасымалдаулар

Тасымалдаулардың атауы

1

Орал қаласы – "Учужный затон" бау-бақша серіктестігі

2

Орал қаласы – "Барбастау" бау-бақша серіктестігі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады