Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 1 қарашадағы № 345 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 9 қарашада № 25053 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 11 наурыздағы № 92 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 11.03.2024 № 92 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1-тармағына сәйкес, Бөрлі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Бөрлі ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Тукжановқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бөрлі ауданының әкімі М. Сатканов

  Әкімдіктің
2021 жылғы 1 қарашадағы
№ 345 қаулысына қосымша

Бөрлі ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Орналасу орны

Алатын алаңы (шаршы метр)

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі (жыл)

Қызмет саласы

Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)

1

Ақсай қаласы, Жастар көшесі, "Металлинвест" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарама-қарсы

69

5

ауыл шаруашылық өнімдері

жоқ

2

Ақсай қаласы, Жібек жолы көшесі мен Абай даңғылының қиылысы

800

5

ауыл шаруашылық өнімдері

"Салтанат" дүкені


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады