Пятимар, Қырқопа, Саркөл ауылдарының шекараларын (шегін) белгілеу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Жанақала ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 17 наурыздағы № 58 және Батыс Қазақстан облысы Жанақала аудандық мәслихатының 2021 жылғы 17 наурыздағы № 3-4 бірлескен қаулысы мен шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 18 наурызда № 6855 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына сәйкес, Жанақала ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жаңақала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің 1-қосымшасына сәйкес ауданы 155,41 гектар, периметрі 5398,3103 метр Жаңақала ауданы Пятимар ауылдық округі Пятимар ауылының шекарасы (шегі) белгіленсін.

      2. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің 2-қосымшасына сәйкес ауданы 189,75 гектар, периметрі 5517,19 метр Жаңақала ауданы С.Меңдешев ауылдық округі Қырқопа ауылының шекарасы (шегі) белгіленсін.

      3. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің 3-қосымшасына сәйкес ауданы 107,58 гектар, периметрі 4710,91 метр Жаңақала ауданы Жаңажол ауылдық округі Саркөл ауылының шекарасы (шегі) белгіленсін.

      4. Аудан әкімі аппараты басшысы (М.Жұмалиев) осы бірлескен қаулы мен шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      5. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары (А.Мұқамбетжанов) және Жаңақала аудандық мәслихатының хатшысына (Д.Закарин) жүктелсін.

      6. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жаңақала ауданының әкімі Н. Карагойшин
      Сессия төрайымы О. Кубесова
      Мәслихат хатшысы Д. Закарин

  Жаңақала ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 17 наурыздағы
№ 58 бірлескен қаулысы мен
Жаңақала аудандық мәслихатының
2021 жылғы 17 наурыздағы
№ 3-4 шешіміне 1-қосымша

Жаңақала ауданының Пятимар ауылдық округінің Пятимар ауылының шекарасы
(шегі)

     


      1:20 000

     


  Жаңақала ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 17 наурыздағы
№ 58 бірлескен қаулысы мен
Жаңақала аудандық мәслихатының
2021 жылғы 17 наурыздағы
№ 3-4 шешіміне 2-қосымша

Жаңақала ауданының С.Меңдешев ауылдық округінің Қырқопа ауылының шекарасы
(шегі)

     


      1:20 000

     


  Жаңақала ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 17 наурыздағы
№ 58 бірлескен қаулысы мен
Жаңақала аудандық мәслихатының
2021 жылғы 17 наурыздағы
№ 3-4 шешіміне 3-қосымша

Жаңақала ауданының Жаңажол ауылдық округінің Саркөл ауылыныңшекарасы
(шегі)

     


      1:20 000

     


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады