Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 142 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 10 қаңтарда № 26424 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 - бабының 1- тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын және бекітілсін.

      2. "Қаратөбе ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (А.Карменов) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімінің орынбасары Р.Иманғалиевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қаратөбе ауданының әкімі К. Суйеугалиев

  Батыс Қазақстан облысы
Қаратөбе ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 142 қаулысына
қосымша

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Орналасу орны

Алатын алаңы (шаршы метр)

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі (жыл)

Қызмет саласы

Стационарлық емес сауда объектілерінің түрі

Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)

1

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылдық округі, Қаратөбе ауылы, Мұхит көшесі № 12 А, "Гүлрайхан" дүкенінен сол жақта

360

5

Азық-түлік/азық-түлік емес тауарлар

автодүкен, автомат, дүңгiршек, жылжымалы сөре, шатыр (павильон)

"Гүлрайхан" дүкені

2

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Саралжын ауылдық округі, Қарақамыс ауылы, Б.Қаратаев көшесі № 13, "Маржан" дүкенінен оң жақта

50

5

Азық-түлік/азық-түлік емес тауарлар

автодүкен, автомат, дүңгiршек, жылжымалы сөре, шатыр (павильон)

"Маржан" дүкені

3

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қаракөл ауылдық округі, Ақтай сай ауылы, Қазақстан көшесі, № 10 үйге қарама-қарсы

50

5

Азық-түлік/азық-түлік емес тауарлар

автодүкен, автомат, дүңгiршек, жылжымалы сөре, шатыр (павильон)

жоқ

4

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Жусандой ауылдық округі, Жусандой ауылы, Жамбыл көшесі, № 22 үйге қарама-қарсы

60

5

Азық-түлік/азық-түлік емес тауарлар

автодүкен, автомат, дүңгiршек, жылжымалы сөре, шатыр (павильон)

жоқ

5

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Аққозы ауылдық округі, Қоржын ауылы, Бейбітшілік көшесі, № 8 үйге қарама-қарсы

50

5

Азық-түлік/азық-түлік емес тауарлар

автодүкен, автомат, дүңгiршек, жылжымалы сөре, шатыр (павильон)

жоқ

6

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Егіндікөл ауылдық округі, Егіндікөл ауылы, М.Маметова көшесі № 4 үйге қарама-қарсы

50

5

Азық-түлік/азық-түлік емес тауарлар

автодүкен, автомат, дүңгiршек, жылжымалы сөре, шатыр (павильон)

"Ақбота" дүкені

7

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Сулыкөл ауылдық округі, Қалдығайты ауылы, Құнанбаев көшесі, № 5 үйге қарама-қарсы

150

5

Азық-түлік/азық-түлік емес тауарлар

автодүкен, автомат, дүңгiршек, жылжымалы сөре, шатыр (павильон)

жоқ

8

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қоскөл ауылдық округі, Қоскөл ауылы, Қаржауов көшесі № 11, мәдениет үйі ғимаратына қарама-қарсы

150

5

Азық-түлік/азық-түлік емес тауарлар

автодүкен, автомат, дүңгiршек, жылжымалы сөре, шатыр (павильон)

"Зере" дүкені


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады