"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша бөлу жөніндегі әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 11 тамыздағы № 138 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 10 ақпандағы № 30 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 17 ақпанда № 26835 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша бөлу жөніндегі әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 11 тамыздағы № 138 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23964 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша бөлу жөніндегі әдістемесінде:

      4-тармақ алып тасталсын;

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Бөлуді тоқсанына бір реттен асырмай қайта қарауға жол беріледі.

      Осы Әдістеменің 9-1-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік орган 10 жұмыс күні ішінде осы Әдістеменің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) және/немесе оның аумақтық бөлімшелеріне жаңа құрылым бойынша бөлу жобасын келісу үшін ұсынады.";

      6 және 7-тармақтар алып тасталсын;

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Бөлу мынадай құжаттар негізінде жүзеге асырылады:

      1) мемлекеттік органның даму жоспары (бар болған жағдайда);

      2) мемлекеттік органның операциялық жоспары (бар болған жағдайда);

      3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспары (бар болған жағдайда);

      4) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бар болған жағдайда);

      5) мемлекеттік орган туралы ереже;

      6) мемлекеттік органның басшысы мен оның орынбасарлары арасында міндеттерді бөлу;

      7) мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің ережесі;

      8) лауазымдық нұсқаулықтар;

      9) бөлу;

      10) мемлекеттік орган жұмысының көрсеткіштері көрсетілген құжаттар (бар болған жағдайда).";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша мемлекеттік органның аппарат басшысының немесе "Б" корпусының қызметшілерін лауазымға тағайындауға және лауазымнан босатуға құқығы бар адамның шешімімен мемлекеттік лауазымдар "А", "В" және "С" функционалдық блоктары бойынша мыналарға сәйкес бөлінеді:

      - "А" функционалдық блогына лауазымдық өкілеттіктері мемлекеттік органға жүктелген стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге және іске асыруға, мемлекеттік саясатты әзірлеуге, анықтауға және іске асыруға ықпал ететін шешімдерді дайындауға тікелей жәрдемдесетін қызметшілер жатады;

      - "Б" функционалдық блогына лауазымдық өкілеттіктері мемлекеттік органға жүктелген стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге және іске асыруға, мемлекеттік саясатты әзірлеуге, анықтауға және іске асыруға ықпал ететін шешімдерді дайындауға жанама әсер ететін және ықпал ететін сипаттағы қызметшілер жатады;

      - "С" функционалдық блогына "А" және "Б" блоктарына қосылмаған басқа қызметшілер жатады.

      Мемлекеттік органдар "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын мемлекеттік органның алдында тұрған басым міндеттерге, сондай-ақ қызметшінің мемлекеттік орган қызметіне қосқан үлесінің дәрежесіне қарай функционалдық блоктар бойынша дербес бөледі.";

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. "А" функционалдық блогына жатқызылған мемлекеттік лауазымдар жетпіс пайыздан асқан және/немесе "С" функционалдық блогына "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының штат санынан екі пайызынан кем жатқызылған жағдайда, уәкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшелерімен келісу бойынша ғана бекітіледі.

      Бөлу жобасы осы Әдістеменің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып осы Әдістемеге қосымшаға сәйкес ресімделеді.

      Ескертулер болған жағдайда уәкілетті орган не оның аумақтық бөлімшесі оларды он жұмыс күні ішінде мемлекеттік органға жібереді.

      Мемлекеттік орган он жұмыс күні ішінде уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің ескертулерін ескере отырып пысықталған бөлу жобасын жібереді.

      Орталық мемлекеттік органдар бөлу жобаларын уәкілетті органға, ал жергілікті атқарушы органдар – уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне жібереді.";

      10-тармақ алып тасталсын;

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Мемлекеттік қызметшілер бөлумен мемлекеттік қызметшінің өзіне тікелей қатысты бөлігінде таныса алады.";

      12-тармақ алып тасталсын;

      13-тармақ алып тасталсын;

      15-тармақ алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 17-тармақпен толықтырылсын:

      "17. Уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері мемлекеттік органдардың бөлулерінің қаулыға және осы Әдістемеге сәйкестігіне мониторингті, оның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған дерекқорлар (ақпараттық жүйелер) арқылы жылына бір реттен артық емес жүргізеді. Мониторинг қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға ұсынымдар енгізіледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Заң департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі төрағасы
Д. Жазыкбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады