Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 12 қазандағы № 95 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 24 ақпандағы № 17 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 28 ақпанда № 26967 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 12 қазандағы № 95 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21434 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін қойылатын талаптарда:

      жоғарғы оң жақ бұрыштағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
Басқармасының
2020 жылғы 12 қазандағы
№ 95 қаулысымен
бекітілді";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Талаптарда қолданылатын ұғымдар КЖ/ТҚҚ туралы заңда және "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген мағыналарында пайдаланылады.

      Талаптардың мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) әдеттегіден тыс операция (мәміле) – клиенттің КЖ/ТҚҚ туралы заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес қаржы мониторингін жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі өзге де шараларды қабылдайтын уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) айқындаған, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары (бұдан әрі – қор) дербес әзірлеген күдікті операцияны айқындау белгілері ескеріле отырып, КЖ/ТҚҚ туралы заңның 4-бабының 4-тармағына сәйкес міндетті түрде зерделенуге тиіс операциясы (мәмілесі);

      2) клиент – қордың қызметтерін алатын жеке тұлға және (немесе) заңды тұлға;

      3) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру тәуекелдері (бұдан әрі – КЖ/ТҚ тәуекелдері) – қорды қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру процестеріне қасақана немесе қасақана емес тарту тәуекелдері (бұдан әрі – КЖ/ТҚ);

      4) КЖ/ТҚ тәуекелдерін басқару – қордың КЖ/ТҚ тәуекелдерін анықтау, бағалау, мониторингтеу, сондай-ақ оларды азайту бойынша қабылдайтын шаралар жиынтығы (көрсетілетін қызметтерге, клиенттерге, сондай-ақ клиенттер жүргізетін операцияларға қатысты);

      5) ұлттық жария лауазымды адам (бұдан әрі – ҰЖЛА):

      жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам;

      лауазымды адам;

      мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адам;

      мемлекеттік ұйымда немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінде басқарушылық функцияларды орындайтын адам;

      6) цифрлық актив - криптография және компьютерлік есептеу құралдарын қолдана отырып электрондық-цифрлық нысанда құрылған, қаржылық құрал болып табылмайтын мүлік, сондай-ақ мүліктік құқықтарды куәландырудың электрондық-цифрлық нысаны;

      7) шекті операция – клиенттің ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жүргізілетін, КЖ/ТҚҚ туралы заңның 4-бабының 1-тармағына сәйкес қаржы мониторингіне жататын операциясы;

      8) шетелдік жария лауазымды адам (бұдан әрі – ШЖЛА):

      шет мемлекеттің заң шығарушы, атқарушы, әкімшілік, сот органдарында немесе қарулы күштерінде қандай да бір лауазымды атқаратын тағайындалатын немесе сайланатын адам;

      шет мемлекет үшін қандай да бір жария функцияны орындайтын адам;

      халықаралық шарттар мәртебесі бар келісімдер негізінде елдер құрған ұйымдарда басшы лауазым атқаратын адам;

      9) іскерлік қатынастар – қордың клиентке зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметке жататын қызметтер ұсынуы бойынша қатынастар.";

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл (бұдан әрі – КЖ/ТҚҚ) мақсатында қор ішкі бақылауды:

      1) қордың КЖ/ТҚҚ туралы заңның талаптарын орындауын қамтамасыз ету;

      2) қордың ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін КЖ/ТҚ тәуекелдерін және қатар жүретін тәуекелдерді (операциялық, бедел, құқықтық) басқару үшін жеткілікті деңгейде ұстап тұру;

      3) қорды, оның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерін КЖ/ТҚ процестеріне тартуды болдырмау мақсатында жүзеге асырады.

      Қор осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген ішкі бақылаудан басқа, КЖ/ТҚҚ туралы заңның 12-1 және 13-баптарында көзделген жаппай қырып-жою қаруын таратудың және оны қаржыландырудың алдын алуға, оған кедергі келтіруге және тоқтатуға қатысты нысаналы қаржылық санкциялар жөніндегі талаптардың сақталуын қосымша жүзеге асырады.

      4. Қорда КЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру шеңберінде қордың ішкі аудит қызметінің КЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылаудың тиімділігін бағалауды жүргізуіне қойылатын талаптар қамтылатын ішкі бақылау қағидалары әзірленеді.

      Ішкі бақылау қағидалары КЖ/ТҚҚ туралы заңның 11-бабында көзделген бағдарламалардан тұрады, қор оларды Талаптарға сәйкес дербес әзірлейді және олар қордың ішкі құжаты не қордың басқару органы немесе атқарушы органы бекіткен осындай құжаттардың жиынтығы болып табылады.".

      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. КЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) мәліметтерді тіркеу, сондай-ақ КЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды іске асыру барысында алынған құжаттар мен ақпаратты сақтау тәртібі;

      2) нысаналы қаржы санкцияларын қолдану және КЖ/ТҚҚ туралы заңның 12-бабына сәйкес жасалған терроризмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) және КЖ/ТҚҚ туралы заңның 12-1-бабына сәйкес жасалған жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде (бұдан әрі – ЖҚҚТҚ тізбесі) болуы тұрғысынан клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тексеру тәртібі;

      3) Тізбеден және ЖҚҚТҚ тізбесінен клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтер алып тасталған кезде нысаналы қаржы санкцияларын қолдануды тоқтату тәртібі;

      4) қор қызметкерлерінің, оның ішінде жауапты қызметкердің, қордың басқару органының және атқарушы органының өздеріне белгілі болған, қор қызметкерлері жол берген КЖ/ТҚҚ туралы заңды, сондай-ақ ішкі бақылау қағидаларын бұзу фактілері туралы хабардар ету тәртібі;

      5) қорды (қордың бас ұйымын) бақылайтын заңды тұлға белгілеген КЖ/ТҚҚ жөніндегі талаптарды сипаттау (бар болса);

      6) КЖ/ТҚҚ мақсатында қордың ішкі аудит қызметінің ішкі бақылау тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша басқарушылық есептілікті дайындау және қордың басқару органы мен атқарушы органына ұсыну, оның ішінде топ (болған кезде) шеңберінде шоғырландырылған негізде ұсыну тәртібі;

      7) КЖ/ТҚ тәуекелдерін бағалау нәтижелерін бағалау, айқындау, құжаттамалық тіркеу және жаңарту рәсімі;

      8) бөлімшенің КЖ/ТҚ бойынша функцияларының, оның ішінде КЖ/ТҚ мақсатында ішкі бақылауды жүзеге асыру кезінде қордың басқа бөлімшелерімен, филиалдарымен, еншілес ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау рәсімінің, сондай-ақ жауапты қызметкердің функцияларының, өкілеттіктерінің, жауапты қызметкердің қордың басқару органымен және атқарушы органымен өзара іс-қимыл жасау рәсімінің сипаттамасы;

      9) қордың Қазақстан Республикасында және сол сияқты одан тысқары жерлерде орналасқан филиалдарының, өкілдіктерінің, еншілес ұйымдарының, егер бұл олардың орналасқан жеріндегі мемлекеттің заңнамасына қайшы келмесе, ішкі бақылау қағидаларын сақтау және іске асыру тәртібі.

      7. КЖ/ТҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасына сәйкес жауапты қызметкердің және КЖ/ТҚҚ жөніндегі бөлімше қызметкерлерінің функциялары мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) әзірленген және қордың басқару органымен немесе атқарушы органымен келісілген ішкі бақылау қағидаларының және (немесе) оларға өзгерістердің (толықтырулардың), сондай-ақ қорда олардың сақталуына мониторингтің болуын қамтамасыз ету;

      2) КЖ/ТҚҚ туралы заңға сәйкес уәкілетті органға хабарлар ұсынуды ұйымдастыру және олардың ұсынылуын бақылау;

      3) клиенттердің операцияларын күдікті ретінде тану және қордың ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен уәкілетті органға хабарлар жіберу қажеттілігі туралы шешімдер қабылдау;

      4) уәкілетті органды анықталған клиенттер мен нысаналы қаржылық санкциялар қолдану бойынша қабылданған шаралар туралы хабардар ету;

      5) КЖ/ТҚҚ туралы заңда және (немесе) шарттарда көзделген жағдайларда және тәртіппен клиенттердің операциялар жүргізуден бас тарту туралы шешімдер қабылдау не келісу;

      6) қордың басқару органына және (немесе) атқарушы органына КЖ/ТҚҚ туралы заңда және (немесе) қордың ішкі құжаттарында көзделген жағдайларда және тәртіппен клиенттермен іскерлік қатынастарды орнату, жалғастыру не тоқтату туралы шешім қабылдау үшін сұратулар жіберу;

      7) қордың басқару органын анықталған ішкі бақылау қағидаларын бұзушылықтар туралы қордың ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен хабардар ету;

      8) қордың басқару органына есептерді қалыптастыру үшін КЖ/ТҚҚ мақсатында, оның ішінде топ шеңберінде (бар болса) КЖ/ТҚҚ тәуекелдерін басқару жүйесін жақсарту бойынша ұсынылатын шаралар мен ішкі бақылау қағидаларын іске асыру нәтижелері туралы ақпаратты дайындау;

      9) қордың КЖ/ТҚ процестеріне тартылу тәуекелін бағалау және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға сұратылып отырған ақпарат беру үшін сандық және сапалық көрсеткіштерді жинау бойынша жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 5 ақпанынан кешіктірмей үйлестіру.";

      11 және 12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Қор КЖ/ТҚ мақсатында ішкі бақылау мәселелері бойынша процестерді автоматтандыру үшін қордың ішкі бақылау талаптарына сәйкес келетін автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді пайдаланады.

      12. КЖ/ТҚ тәуекелдерін басқаруды ұйымдастыру мақсатында қор КЖ/ТҚ тәуекелдерін басқару бағдарламасын әзірлейді.

      Тәуекелдерді бағалау нәтижелері "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының бірінші бөлігіне сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның талап етуі бойынша ұсынылады";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Мәртебесі және (немесе) қызметі КЖ/ТҚ тәуекелін арттыратын клиенттердің типтері мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) жария лауазымды адам, олардың жұбайы (зайыбы) және жақын туыстары;

      2) қызметі қолма-қол ақшаның қарқынды айналымымен байланысты заңды тұлғалар және дара кәсіпкерлер, оның ішінде:

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде қызметін тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалар;

      айрықша қызметі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын ұйымдар (екінші деңгейдегі банктер белгілеген КЖ/ТҚҚ бойынша талаптарды сақтайтын екінші деңгейдегі банктердің еншілес ұйымдарын қоспағанда);

      микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;

      тұтынушылардан қолма-қол ақшаны, оның ішінде электрондық терминалдар арқылы қабылдауды жүзеге асыратын қызметтерді (қаржылық қызметтерден басқа) жеткізушілердің агенттері (сенім білдірілген өкілдері);

      ойын бизнесін ұйымдастырушылар, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде онлайн-казино қызметін көрсететін не одан кіріс алатын тұлғалар;

      туристік қызметтерді, сондай-ақ қолма-қол ақшаның қарқынды айналымына байланысты өзге де қызметтерді ұсынатын тұлғалар;

      3) инвестициялық портфельді басқарушы брокер-дилерлер (екінші деңгейдегі банктер белгілеген КЖ/ТҚҚ бойынша талаптарды сақтайтын екінші деңгейдегі банктердің еншілес ұйымдарын қоспағанда);

      4) "өмірді сақтандыру" саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері (екінші деңгейдегі банктер белгілеген КЖ/ТҚҚ бойынша талаптарды сақтайтын екінші деңгейдегі банктердің еншілес ұйымдарын қоспағанда);

      5) цифрлық активтерді шығару, олардың сауда-саттығын ұйымдастыру, сондай-ақ цифрлық активтерді ақшаға, құндылықтарға және өзге де мүлікке айырбастау бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар;

      6) қаржы лизингі бойынша қызметтер көрсететін тұлғалар (екінші деңгейдегі банктер белгілеген КЖ/ТҚҚ бойынша талаптарды сақтайтын екінші деңгейдегі банктердің еншілес ұйымдарын қоспағанда);

      7) сақтандыру агенттері ретінде қызметті жүзеге асыратын тұлғалар;

      8) жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар;

      9) қызметі қаруды, жарылғыш заттарды өндірумен және (немесе) сатумен байланысты адамдар;

      10) қызметі бағалы металдарды, асыл тастарды не олардан жасалған бұйымдарды өндірумен және (немесе) өңдеумен, сондай-ақ сатып алумен-сатумен байланысты тұлғалар;

      11) қорлардың, діни бірлестіктердің ұйымдық-құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйымдар;

      12) Талаптардың 16-тармағында көрсетілген шет мемлекеттерде орналасқан (тіркелген) тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасында орналасқан осындай тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері;

      13) сенімхат бойынша олардың өкілдері атынан әрекет ететін зейнетақы төлемдерін алушылар.";

      мынадай мазмұндағы 21-1-тармақпен толықтырылсын:

      "21-1. Қор:

      1) берудің жаңа тетіктерін қоса алғанда, жаңа өнімдер және жаңа іскерлік практика әзірлеуге;

      2) жаңа, сол сияқты қолданыстағы өнімдер үшін жаңа немесе дамушы технологияларды пайдалануға байланысты туындауы мүмкін КЖ/ТҚ тәуекелдерін айқындайды және бағалайды.

      КЖ/ТҚ тәуекелдерін бағалау жаңа өнімдерді, іскерлік практиканы іске қосқанға дейін немесе жаңа немесе дамушы технологияларды пайдаланғанға дейін жүргізіледі.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Клиентті тиісінше тексеру бойынша КЖ/ТҚҚ туралы заңның талаптарын іске асыру мақсатында қор клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін сәйкестендіру бағдарламасын әзірлейді.

      Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру қордың зейнетақы жарналары салымшысы (оның өкілі), зейнетақы төлемдерін алушы (оның өкілі) туралы мәліметтерді тіркеу және олардың анықтығын тексеру, бенефициарлық меншік иесін анықтау және ол туралы мәліметтерді тіркеу, іскерлік қатынастардың болжамды мақсатын белгілеу және тіркеу, сондай-ақ зейнетақы жарналары салымшысы, зейнетақы төлемдерін алушы және олардың өкілдері туралы Талаптарда көзделген өзге де мәліметтерді алу және тіркеу жөніндегі іс-шараларды жүргізуінен тұрады.

      Бенефициарлық меншік иесін анықтау жөніндегі іс-шараларды қор зейнетақы жарналарының салымшысына қатысты, ал ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру кезінде осындай зейнетақы төлемдерін алушыға да қатысты жүргізеді.

      КЖ/ТҚҚ туралы заңның 5-бабының 7-тармағына сәйкес қор тәуекелдің жоғары деңгейі берілген клиентке қатысты клиенттерді тиісінше тексерудің күшейтілген шараларын қолданады не оларға қатысты тәуекелдің төмен деңгейі берілген клиенттерді тиісінше тексерудің жеңілдетілген шараларын қолданады.";

      мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:

      "22-1. КЖ/ТҚҚ туралы заңның 5-бабы 2, 3-1-тармақтарының және 7-бабы 1-тармағының талаптарын ескере отырып, қор:

      1) клиент шекті операция (мәміле) жасаған;

      2) клиент күдікті операция (мәміле) жасаған (жасауға әрекет жасаған);

      3) клиент КЖ/ТҚ типологияларына, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар операция (мәміле) жасаған;

      4) клиент ерекше операция (мәміле) жасаған;

      5) клиент (оның өкілі), бенефициарлық меншік иесі туралы бұрын алынған деректердің анықтығына күмән келтіру үшін негіздер болған жағдайларда клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіруді, клиенттің тәуекел деңгейін ескере отырып, жасалатын операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтерді алу мен тіркеуді қоса алғанда, іскерлік қатынастарды тексеруді және операцияларды зерделеуді жүргізеді, сондай-ақ клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы алынған мәліметтердің анықтығына тексеру жүргізеді.

      Клиент белгіленген іскерлік қатынастар шеңберінде операциялар жасау кезінде, егер ол осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3, 4) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларды, сондай-ақ клиенттің тәуекел деңгейіне және Талаптарға сәйкес бұрын алынған қосымша мәліметтерді жаңарту не алу қажеттігін қоспағанда, осындай іскерлік қатынастарды белгілеу кезінде жүргізілсе, клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру жүргізілмейді.";

      24 және 25-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Талаптардың 22-1 және 23-тармақтарына сәйкес алынған мәліметтерді қор клиенттің досьесіне енгізеді, ол қорда клиентпен іскерлік қатынастардың барлық кезеңі ішінде және олар тоқтатылған күннен бастап кемінде бес жыл сақталады.

      Қор ішкі құжаттарға сәйкес досье жүргізетін клиенттердің топтары мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) жеке тұлғалар;

      2) заңды тұлғалар.

      Қор КЖ/ТҚҚ туралы заңның 5-бабы 6-тармағының 1) тармақшасын қолданған кезде қор клиенттің досьесіне енгізу (қосу) үшін клиенттерін тиісінше тексеру шараларына қор сүйенетін басқа қаржы мониторингі субъектілерінен клиент туралы мәліметтерді дереу алады, сондай-ақ сұрату бойынша оларға, оның ішінде ақпарат, ақпараттық жүйелерден немесе қаржы мониторингінің басқа субъектілерінің дерекқорынан үзінді көшірмелер жататын растайтын құжаттардың көшірмелерін кідіріссіз алады.

      25. Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру процесінде қор мұндай клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің Тізбеде және ЖҚҚТҚ тізбесінде болуына тексеру жүргізеді.

      Клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің Тізбеде және ЖҚҚТҚ тізбесінде болуын (Тізбеге және ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізілуін) тексеру клиенттің тәуекел деңгейіне байланысты емес және Тізбеге және ЖҚҚТҚ тізбесіне өзгерістер енгізілуіне (Тізбенің және ЖҚҚТҚ тізбесінің жаңартылуына) қарай жүзеге асырылады.

      Қор клиентті (оның өкілін) сәйкестендіру және бенефициарлық меншік иесін анықтау процесінде мұндай клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің жария лауазымды тұлғаларға, олардың жұбайлары мен жақын туыстарына тиесілігіне тексеру жүргізеді.

      Қор шетелдік жария лауазымды адамға (бұдан әрі – ШЖЛА), оның жұбайына (зайыбына) және жақын туыстарына қатысты:

      1) ШЖЛА-ның беделін оның КЖ/ТҚ жағдайларына қатыстылығына қарай бағалауды жүзеге асырады;

      2) қордың басшы қызметкерінің мұндай клиенттермен (олардың өкілдерімен) және бенефициарлық меншік иелерімен іскерлік қатынастар орнатуға, оны жалғастыруға рұқсатын алады;

      3) клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің қаражат көзін анықтау үшін қолжетімді шаралар қабылдайды;

      4) клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру жөнінде күшейтілген шаралар қабылдайды.

      Тәуекелдің жоғары деңгейі берілген ШЖЛА-ға, оның жұбайына (зайыбына) және жақын туыстарына қатысты қор қосымша осы тармақтың төртінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында белгіленген шараларды қолданады.

      Көші-қон карточкалары туралы мәліметтерді Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін мемлекеттердің азаматтарына қатысты алу талап етілмейді.

      Қор жеке тұлғаны (заңды тұлғаның басшысын, бенефициарлық меншік иесін) сәйкестендіру кезінде мынадай деректерді белгілейді және тіркейді:

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      азаматтығы;

      туған күні және жері;

      заңды мекенжайы;

      жеке басты куәландыратын құжаттың және (немесе) оның негізінде сәйкестендіру жүргізілетін өзге де құжаттың деректемелері;

      жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлғаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке сәйкестендіру нөмірі берілмеген жағдайларды қоспағанда);

      қызмет түрі (дара кәсіпкерлер үшін).

      Қор заңды тұлға-клиентті сәйкестендіру кезінде мынадай деректерді белгілейді және тіркейді:

      атауы;

      заңды тұлғаның тіркеу нөмірі және мемлекеттік тіркелген күні, тіркеуші органның атауы (олар бар болса);

      орналасқан мекенжайы;

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлғаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бизнес-сәйкестендіру нөмірі берілмеген жағдайларды қоспағанда) не бейрезидент-заңды тұлға шет мемлекетте тіркелген нөмір;

      басшы (заңды тұлға-клиенттің атынан әрекет етуге уәкілетті өзге тұлға), қаржылық құжаттарға қол қою құқығы бар тұлға туралы деректер;

      қызмет түрі;

      бенефициарлық меншік иелері туралы деректер.";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Клиентті, оның өкілін және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру бағдарламасына мыналар кіреді, бірақ олармен шектелмейді:

      1) қордың іскерлік қатынастарды орнатудан және (немесе) операция жүргізуден бас тарту, сондай-ақ іскерлік қатынастарды тоқтату туралы шешім қабылдау рәсімін, негіздері мен мерзімдерін қоса алғанда, клиенттерді қызмет көрсетуге қабылдау тәртібі;

      2) клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру тәртібі, оның ішінде клиенттерді тиісінше тексерудің күшейтілген шаралары;

      3) қор клиенттер (олардың өкілдері) арасынан қызмет көрсетілетін немесе қызмет көрсетуге қабылданатын шетелдік жария лауазымды тұлғаларды, олардың жұбайларын және жақын туыстарын анықтауға бағытталған шаралардың сипаттамасы;

      4) клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің Тізбеде және ЖҚҚТҚ тізбесінде болуын тексеру тәртібі;

      5) іскерлік қатынастарды қашықтан орнату кезінде (клиенттің немесе оның өкілінің жеке қатысуынсыз) сәйкестендіру ерекшеліктері;

      6) клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін КЖ/ТҚҚ бойынша (бар болса) талаптарды орындау аясында сәйкестендіру процесінде алынған мәліметтермен алмасу ерекшеліктері;

      7) клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді алу мақсатында басқа ұйымдармен өзара іс-әрекеттесу ерекшеліктері;

      8) клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтердің дәйектілігін тексеру тәртібі;

      9) клиенттің досьесін жүргізу нысанына, мазмұнына және тәртібіне қойылатын талаптар, мәліметтерді жаңарту мерзімділігін көрсетумен досьедегі мәліметтерді жаңартулар;

      10) клиенттің тәуекел деңгейін бағалау тәртібі, мұндай тәуекелді бағалау негіздері;

      11) КЖ/ТҚҚ туралы заңның 5-бабы 5-тармағының үшінші және төртінші бөліктеріне сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган айқындаған нысан мен тәртіп бойынша клиенттердің бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтерді қордың сұратуы бойынша алу және ұсыну тәртібі.

      Егер қор КЖ/ТҚҚ туралы заңға сәйкес шарт негізінде өзге тұлғаға клиенттерге (олардың өкілдеріне) және бенефициарлық меншік иелеріне қатысты КЖ/ТҚҚ туралы заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1) және 4) тармақшаларында көзделген шараларды қолдануды тапсырса, қор мұндай тұлғалармен өзара іс-қимыл қағидаларын әзірлейді, олар мыналарды:

      қордың сәйкестендіру жүргізу тапсырылған адамдармен шарттар жасасу рәсімін, сондай-ақ осындай шарттар жасасуға уәкілеттік берілген қордың лауазымды адамдарының тізбесін;

      сәйкестендіруді жүргізу тапсырылған қор мен тұлғалар арасында жасалған шарттарға сәйкес клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру рәсімін;

      сәйкестендіру жүргізу тапсырылған адамдардың клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіруді жүргізу кезінде алынған мәліметтерді қорға ұсыну рәсімі мен мерзімдерін;

      қорға алынған мәліметтерді беру рәсімін, мерзімдері мен толықтығын, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қор қабылдайтын шараларды қоса алғанда, қордың сәйкестендіруді жүргізу тапсырылған тұлғалардың клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру жөніндегі талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асыру рәсімін;

      қордың сәйкестендіру жөніндегі талаптарды, оның ішінде рәсімдерді, алынған мәліметтерді қорға берудің мерзімдері мен толықтығын сақтамаған жағдайда, сәйкестендіру жүргізу тапсырылған адамдармен шартты орындаудан біржақты бас тарту туралы шешім қабылдау негіздерін, рәсімі және мерзімдерін;

      сәйкестендіру жүргізу тапсырылған тұлғалармен шартты орындаудан біржақты бас тарту туралы шешім қабылдауға уәкілетті қордың лауазымды адамдарының тізбесін;

      қорға алынған мәліметтерді беру рәсімін, мерзімдері мен толықтығын қоса алғанда, қорға сәйкестендіру жүргізу тапсырылған тұлғалардың клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру жөніндегі талаптарды сақтамағаны үшін жауапкершілігі туралы ережелерді;

      клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру жөніндегі талаптарды орындау мақсатында қордың оларға әдіснамалық көмек көрсету мәселелері бойынша сәйкестендіруді жүргізу тапсырылған адамдармен өзара іс-қимыл жасау рәсімін қамтиды.

      Қордың өзара іс-қимыл қағидаларына қосымша талаптар енгізуіне рұқсат етіледі.";

      мынадай мазмұндағы 27-1-тармақпен толықтырылсын:

      "27-1. Ұсынылған мәліметтердің дәйектілігін тексеру клиент (оның өкілі) ұсынған тиісті құжаттардың түпнұсқаларының немесе нотариат куәландырған көшірмелерінің деректерімен салыстырып тексеру, қолжетімді көздерден (дерекқорлардан) алынған деректермен салыстырып тексеру, мекенжайға баруды қоса алғанда, мәліметтерді басқа да тәсілдермен тексеру арқылы жүзеге асырылады.";

      31 және 32-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Клиенттің операцияларын зерделеу дәрежесін қор клиенттің (клиенттер тобының) тәуекел деңгейін ескере отырып, сондай-ақ қордың қолда бар КЖ/ТҚ сценарийлерін (схемаларын) және (немесе) күрделі, ерекше, күдікті операциялардың белгілерін ескере отырып айқындайды.

      Клиентке тәуекелдің жоғары деңгейі берілген жағдайда, сондай-ақ клиент күдікті операция жасаған жағдайда қор клиент белгілі бір уақыт кезеңінде, бірақ кемінде соңғы айда жүргізетін (жүргізген) операцияларды зерделейді.

      32. Клиенттер операцияларының мониторингі және оны зерделеу бағдарламасы мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) КЖ/ТҚҚ туралы заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган айқындаған, күдікті операцияларды анықтау белгілерінің негізінде жасалған, сондай-ақ қор дербес әзірлеген күдікті операциялар белгілерінің тізбесі;

      2) қор бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасында клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы бұрын алынған мәліметтерді жаңарту және (немесе) қосымша мәліметтер алу бойынша міндеттерді Талаптарда көзделген жағдайларда бөлу;

      3) қор бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасында шекті, күрделі, әдеттегіден тыс, күдікті операцияларды анықтау бойынша міндеттерді бөлу және бөлімшелер (қызметкерлер) арасында беру;

      4) жауапты қызметкердің клиент операциясының біліктілігі туралы шешім қабылдау тәртібі, негіздері және мерзімі;

      5) күрделі, әдеттегіден тыс операцияларды зерделеу нәтижелері туралы мәліметтерді, сондай-ақ шекті және күдікті операциялар (оның ішінде, операцияның сомасы) туралы мәліметтерді тіркеу (оның ішінде тіркеу тәсілдері) тәртібі;

      6) клиент жүйелі түрде және (немесе) айтарлықтай көлемде әдеттегіден тыс және (немесе) күдікті операцияларды жүзеге асырған жағдайда клиентке және оның операцияларына қатысты шаралар қабылдау тәртібі және қабылданатын шаралардың сипаты;

      7) уәкілетті органға шекті және күдікті операциялар туралы хабарлар беру тәртібі;

      8) шекті және күдікті операцияның анықталғаны туралы қордың басқару органын, атқарушы органын және қордың лауазымды адамдарын хабардар ету (қажет болған кезде) тәртібі.".

      2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг агенттігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады