"Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 77 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2022 жылғы 26 сәуірдегі № 250 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 3 мамырда № 27868 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 77 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13199 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      Аталған бұйрықпен бекітілген Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларында:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Әскери оқу орындарына оқуға кандидаттарды қабылдау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұлан бас қолбасшысының бұйрығымен бекітілген жинақтау жоспарына сәйкес жүзеге асырылады және конкурстық негізде 4 кезеңде жүргізіледі:

      1-кезең – ӘДС қағидаларына сәйкес оқуға кандидаттарды түпкілікті медициналық куәландыру;

      2-кезең – кәсіби және психологиялық іріктеу;

      3-кезең – кандидаттарды дене шынықтыру көрсеткіштері бойынша іріктеу;

      4-кезең – конкурстық іріктеу және әскери оқу орнына қабылдау.";

      70-1-тармақпен толықтырылсын:

      "70-1. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы қатарында мерзімді әскери қызмет өткерген кандидаттар үшін № 58 қаулының белгіленген талаптары бойынша балдың шекті деңгейін жинаған адамдар ІІМ арнаулы оқу орындарына конкурстан тыс, бірақ "Білім туралы" Заңның 4-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Үкімет айқындаған жыл сайынғы мемлекеттік тапсырыстың кемінде 10 % қабылданады".";

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаментіне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі М. Ахметжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады