2022 жылға арналған студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 27 мамырдағы № 242 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 30 мамырда № 28259 болып тіркелді

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының бірінші бөлігінің 2-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 2022 жылға арналған студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыс бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Қаржы және бюджетті жоспарлау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Аймагамбетов

  Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
2022 жылғы 27 мамырдағы
№ 242 Бұйрығымен бекітілген

2022 жылға арналған студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыс

Студенттерді, магистранттарды және докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру шеңберіндегі қаржыландырудың жылдық көлемі

Қаржыландырылатын орындар саны

Жатақхана салынған жағдайда жатақханадағы бір орын үшін студенттерді, магистранттарды және докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге арналған мемлекеттік тапсырыстың жылдық мөлшері

Реконструкция жасалған жағдайда жатақханадағы бір орын үшін студенттерді, магистранттарды және докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге арналған мемлекеттік тапсырыстың жылдық мөлшері

4 972 182
мың теңге

16 593

1) сейсмикалық қауіптілігі 9 және одан да көп балды құрайтын, сондай-ақ студенттерге, манистранттар мен докторанттарға арналған жатақханалардағы орындар тапшылығы жалпы республикалық қажеттіліктің 20 пайызынан асатын республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда құрылыс салған жағдайда - республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 144 еселенген мөлшері;
2) астананы қосқанда, өзге елді мекендерде құрылыс салынатын жағдайда - республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 122 еселенген мөлшері.

1) студенттер, магистранттар және докторанттарға арналған жатақханалардағы орындар тапшылығы жалпы республикалық қажеттіліктің 20 процентінен асатын республикалық маңызы бар қалаларда және астанада реконструкция жасаған жағдайда - республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 92 еселенген мөлшері;
2) өзге елді мекендерде реконструкция жасаған жағдайда - республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 47 еселенген мөлшері.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады