"Инвестициялық қызмет көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістемені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 296 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы"

Жаңа

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2022 жылғы 27 мамырдағы № 9 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 31 мамырда № 28275 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Инвестициялық қызмет көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістемені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 296 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14601 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Инвестициялық қызмет статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістемені бекіту туралы";

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған инвестициялық қызмет статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістеме бекітілсін";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Инвестициялық қызмет көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістемесінде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Инвестициялық қызмет статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістеме";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Инвестициялық қызмет статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістеме (бұдан әрі - Әдістеме) "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Әдістемені Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының (бұдан әрі – Бюро) және оның аумақтық бөлімшелері инвестициялық қызмет көрсеткіштерін қалыптастыру кезінде қолданады.";

      6-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;

      6-тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын;

      6-тармақтың 6) тармақшасы алынып тасталсын;

      6-тармақтың 10) тармақшасы алынып тасталсын;

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Инвестициялық қызмет статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Орташа кәсіпорындар үшін инвестициялық салымдарды қайта бағалау алгоритмі ірі кәсіпорындар үшін ұқсас есеп болып табылады. Қазақстан Республикасы бойынша деректер өңірлер бойынша қайта бағалауды агрегациялау жолымен қалыптастырылады.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Қазақстан Республикасы бойынша толық емес қамтудың инвестициялық салымдарының қайта бағалау қорытынды қосындысы орташа және ірі кәсіпорындар бойынша барлық өңірлер бойынша толық емес қамтудың қайта бағалаудың қосындысына тең және келесі формула бойынша есептеледі:




      мұнда:

      qd – Қазақстан Республикасында респонденттерді толық емес қамтудың инвестицияларды қайта бағалау көлемі;

      qkr– ірі кәсіпорындар бойынша өңірлерде респонденттердің толық емес қамтудың инвестициялар көлемі;

      qsred – орташа кәсіпорындар бойынша өңірлерде респонденттердің толық емес қамтудың инвестициялар көлемі.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Жылдық көлемге дейін инвестициялық салымдарды қайта бағалау салыстыру және жедел деректерді және тиісті жылғы жөнделген жылдық деректерді талдау жолымен анықталады.

      Алғашқы статистикалық деректер деңгейінде жылдық кезеңділіктегі жалпымемлекеттік статистикалық байқау бойынша кәсіпорындар каталогы және жедел деректердің кәсіпорындар каталогы салыстырылады. Жылдық кезеңділіктегі статистикалық байқау бойынша есеп берген кәсіпорындардың инвестициялар көлемінің деректері, он екі айға бөлінеді және экономикалық қызметтің тиісті түрі бойынша қосылады.Қайта бағалау әрбір өңірдің ірі және орташа кәсіпорындары бойынша жүзеге асырылады.";

      23, 24, 25, 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ есептеу кезінде есепті кезеңдегі деректер салыстырылатын кезеңнің салыстырмалы бағаларына дефляцияланады. Дефляторлар ретінде (баға индексі) баға статистикасы қалыптастыратын деректер пайдаланылады.

      НКИ есептеу үшін негізгі капиталға салынған инвестициялардың егжей-тегжейлі активтерінің құрылымы пайдаланылады. Негізгі капиталға салынған инвестициялар мынадай компоненттерді қамтиды: құрылыс-монтаждау жұмыстарына және күрделі жөндеуге арналған шығындар; машиналарды, жабдықтар мен көлік құралдарын сатып алуға арналған шығындар; өзге де шығындар.

      Құрылыс-монтаждау жұмыстарына және күрделі жөндеуге арналған шығындар ғимараттар мен имараттарды көтеру, кеңейту, реконструкциялау, энергетикалық, технологиялық және басқа да жабдықтарды монтаждау бойынша жұмыстар кешеніне арналған шығындарды қамтиды, сонымен қатар тұрғын емес, тұрғын ғимараттар мен имараттарды күрделі жөндеу шығындары;

      Өзге де шығындар - жобалау-іздестіру жұмыстарына авторлық қадағалауды, салынып жатқан объектілердің дирекцияларын ұстауға кеткен шығындар, сондай-ақ шаруашылық қызметте бір жылдан астам пайдаланылатын, иеліктен шығару қабілеті бар және кіріс әкелетін, бірақ материалдық-заттай құндылықтар болып табылмайтын, ұйымдар құрған немесе сатып алған объектілерге арналған шығындар.

      24. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ өткен айға, өткен жылғы тиісті кезеңге (айға, кезеңге өспелі жиынтығымен) және алдыңғы жылға қалыптасады.

      Негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ Қазақстан Республикасы бойынша, сондай-ақ өңірлер бөлінісінде есептеледі.

      25. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ есептеу бірнеше кезеңде жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде негізгі капиталға салынған инвестициялардың компоненттеры бойынша көлемдер салыстырмалы бағаларға (активтердің түрлері бойынша тиісті баға индекстерін қолдана отырып) ауыстырылады және агрегатталады.

      Құрылыс-монтаждау жұмыстарына арналған шығындар құрылыс-монтаждау жұмыстарына арналған баға индексін, машиналар мен жабдықтарды сатып алуға арналған шығындар - машиналар мен жабдықтарға арналған мөлшерленген баға индексін (өндірілген және импортталатын) ескере отырып, салыстырмалы бағаларға, өзге де шығындарға арналған баға индекстерін пайдалана отырып, негізгі капиталға салынған инвестициялар көлеміндегі өзге де шығындарға ауыстырылады.

      26. Барлық компоненттер бойынша НКИ есептеу есепті кезең көлемдерінің салыстырмалы бағалардағы салыстырылатын кезең көлемдеріне ара қатынасымен жүргізіледі. Сол сияқты, негізгі капиталға салынған инвестициялардың жиынтық көлемі салыстырмалы бағадағы салыстырылған кезеңнің көлемімен байланысты.";

      27-тармақ алынып тасталсын;

      42-тармақ алынып тасталсын;

      инвестициялық қызмет көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі әдістемеге қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Өндіріс және қоршаған орта статистикасы департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Өндіріс және қоршаған орта статистикасы департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық бөлімшелеріне жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының жетекшілік ететін орынбасарына (Ж.Ә. Жарқынбаев) жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
Реформалар агенттігінің Ұлттық
статистика бюросының басшысы
Ж. Шаймарданов

  Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
Реформалар агенттігінің Ұлттық
статистика бюросының
басшысы 2022 жылғы 27
мамырдағы № 9 Басшысының
бұйрығына
қосымша
  Инвестициялық қызмет
статистикасының
көрсеткіштерін қалыптастыру
бойынша әдістемеге
қосымша

Ішкі және сыртқы инвестициялық салымдарды қалыптастыру алгоритмі

Инвесторлар

Сәйкестендіру коды

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі

оның ішінде

бюджет қаражаты

меншікті қаражат

банк кредиттері

басқа да қарыз қаражаты

республикалық бюджет

жергілікті бюджет


барлығы

соның ішінде шетелдік банктер

барлығы

соның ішінде бейрезиденттер



1

2

3

4

5

6

7

8

Ішкі








Мемлекеттік меншік

11


Х

Х

Х

5 баған – 6 баған

7 баған – 8 баған

Жеке меншік

15







Азаматтардың меншігі

16




Х



Заңды тұлғалардың мемлекеттік емес меншігі және олардың бірлестігі

17







Мемлекеттің және шетелдің қатысуынсыз кәсіпорындар меншігі

19


Х

Х

Х

5 баған – 6 баған

7 баған – 8 баған

Мемлекеттің қатысуымен (шетелдік қатысуынсыз) кәсіпорындардың меншігі

23


Х

Х

Х

5 баған – 6 баған

7 баған – 8 баған

Шетелдік қатысуымен біріккен кәсіпорындар меншігі

28


Х

Х

Х/2

5 баған – 6 баған

7 баған – 8 баған

Қоғамдық меншік, оның ішінде діни бірлестіктердің меншігі

29


Х

Х

Х

5 баған – 6 баған

7 баған– 8 баған

Шетел меншігі

32







Басқа мемлекет, олардың заңды тұлғалармен азаматтарының меншігі

33







Шетелдік мемлекеттің меншігі

34


Х

Х


5 баған – 6 баған

7 баған – 8 баған

Шете лзаңды тұлғаларының меншігі

36


Х

Х


5 баған – 6 баған

7 баған – 8 баған

Шетелдік жеке тұлғалардың меншігі

37


Х

Х


5 баған – 6 баған

7 баған – 8 баған

Халықаралық кәсіпорындардың меншігі

38


Х

Х


5 баған – 6 баған

7 баған – 8 баған

Сыртқы










Мемлекеттік меншік

11






Х


Х

Жеке меншік

15







Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және олардың біріккен меншігі

17







Мемлекеттің және шетелдің қатысуынсыз кәсіпорындар меншігі

19






Х


Х

Мемлекеттің қатысуымен, шетелдік қатысуынсыз кәсіпорындардың меншігі

23






Х


Х

Шетелдік қатысуымен біріккен кәсіпорындар меншігі

28




Х/2


Х


Х

Қоғамдық меншік, оның ішінде діни бірлестіктердің меншігі

29






Х


Х

Шетелдік меншік

32







Басқа мемлекет, олардың заңды тұлғалармен азаматтарының меншігі

33







Шетелдік мемлекеттің меншігі

34




Х


Х


Х

Шетел заңды тұлғаларының меншігі

36




Х


Х


Х

Шетелдік жеке тұлғалардың меншігі

37




Х


Х


Х

Халықаралық кәсіпорындардың меншігі

38




Х


Х


Х

      Х – деректер ескеріледі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады